«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте кәсіпкер ханымдар кездесті

2023 жылғы 10 Қараша
- Шымкент қаласы
7084 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы мен республикалық бизнес-ханымдар қауымдастығы өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесу барысында Палатаның өкілдері «Атамекен» ӨКП мен Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында көрсетілетін қызметтер, бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік қолдаулар туралы әңгімелеп берді.

«Кәсіпкерлер палатасында қаламыздағы қыз-келіншектердің қажеттіліктеріне байланысты оқу курстары қолға алынған. Осы курстарда жыл соңына дейін жүзден астам қыз-келіншекті қамту жоспарланып, ол кезеңімен іске асып жатыр. Олар – жеке кәсіпкерлер немесе өз ісін ашқысы келген азаматшалар. Шектеу жоқ, курсқа ісін жаңадан бастағандар да, тәжірибелі де кәсіпкерлер қатыса алады» – дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімнің бастығы Айдана Бейсебекова.

Бизнес-ханымдар қауымдастығының өкілдері, өз кезегінде, мақсаттары және алдағы жоспарларын бөлісті. Айта кетейік, бұл қауымдастық нетворкинг, тәжірибе және біліктілік алаңына айналған.

Кездесу барысында өзара ынтымақтастық түзіліп, бірге семинарлар, тренингтер мен шеберлік сағаттарын өткізу туралы келісім жасалды. Онда қауымдастықтың үздік спикерлері кәсіпкерлік бастамасы бар қыз-келіншектермен тәжірибелерін бөліспек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер