«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкенттің үздік кәсіпкерлері «Қазақстанның үздік тауары» көрме-жәрмеңкесіне қатысып жатыр

2023 жылғы 27 Қазан
- Шымкент қаласы
9770 просмотров

Астана қаласында дәстүрлі «Қазақстанның үздік тауары» көрме-жәрмеңкесі басталды. Жыл сайын өткізілетін республикалық көрме халықаралық EXPO көрме орталығында өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық аймағынан келген 180 компания қатысты.

Отандық тауар өндірушілердің арасында шымкенттік компаниялар да бар. Өңіріміздің өндірушілері – қалалық көрме-жәрмеңкеден үздік атанып шыққандар. «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік байқауына Шымкент қаласының өз ісін жаңадан бастаған компаниялары да қатысқан болатын.

«Шымкентте өткен көрмеге алғаш рет қатысқан компаниялардың арасында «Саяхат сервис-юг», «Sagitex group», «Софи» «VanEllie franchising», «Синяя волна», «Алан және компания», «Бәйтерек агро» және «Sota center» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен жеке кәсіпкерлер болды. Байқау қатысушыларын тәуелсіз сарапшы-аудиторлар, бизнес-қауымдастықтар, салалық қоғамдық бірлестіктер және мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған комиссия бағалап, «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтаған болатын», – дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Өңірде үздік атанған компаниялар:

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»: «Ақ-су корпорациясы» ЖШС, «Asia trafo» ЖШС, «Medcomfort».

«Халық тұтынатын үздік тауарлар»: «Бал текстиль» ЖШС, «Шымкай» ЖШС, «Алем БТ» ЖШС.

«Үздік азық-түлік тауарлары»: «Sweet ideas KZ», VanEllie franchising, «Рахат Шымкент».

Айта кетейік, көрме-жәрмеңкеге қатысушылар отандық өндірушілердің тауарларын тамашалап қана қоймай, тиімді бағамен сатып ала алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер