«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкенттік құрылыс компанияларына үлестік қатысуға кепілдік беру ережелері түсіндірілді

2023 жылғы 21 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
10097 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ («ҚТК») өкілдері құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесті. Басқосуда үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктері көпшілік назарына ұсынылды.

«ҚТК» АҚ заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің директоры Әйгерім Құрманбаева бірыңғай оператордың кепілдігін алу талаптары, кепілдік беру кезінде шарттардың барлық түрін жасасу, заңнамада көзделген субсидиялауға өтінім беру рәсімдері туралы түсіндірді. Мамандардың айтуынша, қазір Шымкент қаласында «ҚТК» АҚ кепілдігімен салынып жатқан 7 нысан бар.

Айта кетейік, ҚР «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес үлестік қатысудың үш әдісі бар. Олар – «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кепілдігін алу, екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу және үшіншісі – құрылыс салушының өз қаражаты есебінен ғимарат тұрғызылған соң жергілікті әкімдіктің рұқсатын алу.

«ҚТК» өкілдерінің мәліметінше, жылжымайтын мүлікті сатып алу кезіндегі тәуекелдердің алдын алу және үлескерлік кезінде алданып қалмау туралы ақпараттар БАҚ беттерінде тұрақты жарияланып тұрады. Соған қоса құрылыс компаниялары туралы өзекті мәліметтермен Тұрғын үй порталында танысып, «Қазреестр» жүйесінде үлестік қатысу келісімшартын да тексеруге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер