«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП және «Ғылым қоры» АҚ өкілдері Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2022 жылғы 14 Шілде
6881 просмотров

«Атамекен» ҰКП және «Ғылым қоры» АҚ арасында кәсіпкерліктің ғылыми және ғылыми-техникалық саласын қолдау мен дамыту шеңберіндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Рәсім онлайн форматта өтті. «Атамекен» ҰКП тарапынан құжатқа атқарушы хатшы Нұрлан Сақуов, сондай-ақ «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әбділда Шәменов қол қойды.

«Ғылым мен бизнес-қоғамдастықтың тығыз өзара іс-қимылы адами капиталды сапалы дамытуға ғана емес, сонымен қатар еңбек нарығының инновациялық сұраныстарын қанағаттандыруға, жекелеген өңірлердің де, ұлттық экономиканың да бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Нұрлан Сақуов.

Ынтымақтастық аясында тараптар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруда ілгерілету және көмектесуге, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерліктің ғылыми және ғылыми-техникалық саласындағы кедергілерді анықтау және жоюға уағдаласты.

 ҰКП өз тарапынан «Ғылым қоры» АҚ грант алушыларының нарықта ғылымды қажетсінетін өнімді ілгерілету үшін салалық форумдар, көрмелерге қатысуын ұйымдастыруға көмек көрсетуге дайын.

«Келісім ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын жеке қоса қаржыландыруды тарту бойынша жұмыс тиімділігін арттыруға ғана емес, сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын қолданбалы ғылыми зерттеулердің жалпы санынан коммерцияландырылатын жобалардың үлесін арттыру бойынша жүйелі тәсілді қамтамасыз етуге және ұйымдастырушылық-басқарушылық жағдай жасауға ықпал ететін болады», – деп атап өтті Әбділда Шәменов.

Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – ғылым қорының бизнес-серіктестер клубын дамыту, сондай-ақ бірінші шара 2022 жылғы 17 маусымда өткен «Коммерцияландыру реакторы» мамандандырылған диалог алаңын ұйымдастыру және өткізу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер