«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Импортты азайтудағы тағы бір қадам

2017 жылғы 03 Ақпан
13736 просмотров

«Атамекен» ҰКП тікелей қатысуымен ірі жүйе құрушы кәсіпорындар отандық өнімдердің үлесін арттыру туралы келісімге қол қойды

Отандық кәсіпорындардың жаңа өнімдерді игеріп, дамытуы мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Инвестициялар және даму министрлігімен және «ERG» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Қазақмыс» ЖШС және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атты ірі компанияларымен бірлесіп өзара үш жақты келісімге қол қойды. Аталмыш келісім жергілікті өнім үлесін арттыруға дайын ықпал тараптардың ниетін білдереді. 

Аталмыш келісім шеңберінде жүйе құрушы кәсіпорындары отандық өндірушілердің өнімін сатып алуы үшін Қазақстанда импорттық өнімдерді оқшаулау мүмкіндіктерін іздеу мақсатында Министрлік пен ҰКП өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылады.

 Бұл үшін кәсіпорындар жыл сайын алдағы жылдары сатып алмақ импорт тізімін жасап оны жұмыс тобына жіберіп отырады.

«Атамекен» ҰКП тарапынан Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов келісімге қол қойды. Ол еліміздің экономикасы үшін маңызды бастаманы қолдағандары үшін тараптарға алғысын білдірді.

 «Бастамамызды іске асыру үшін өз  тарапымыздан  жұмыс тобынының отырыстарын «Атамекен» алаңында өткізуді ұсынамыз. Бүгінгі таңда жүйе құрушы кәсіпорындардан шетелден сатып алынатын тауарлар туралы ақпаратты алдық. Қандай тауар сұраныста, қандай тауар шығаруға болатынын бағдарлау үшін қолымыздағы бұл деректер отандық өндірушілерге тараталады. Мәселелрдің барлығы инженерлер мен техникалық мамандар деңгейінде қаралып, шешілетін болады», – деп атап өтті келісімге қол қою барысында Елдос Рамазанов.

   Инвестициялар және даму вице-министрі, мемлекеттік органның атынан келісімге  Альберт Рау қол қойды. Вице-министр отандық шағын және орта бизнесті қолдауға атсалысқан жүйе құрушы кәсіпорындардың ниетін оң қадам деп бағалады. «Осы күрделі механизмнің іске асуын қадағалау керек. Алдын ала дайындық жұмысы жасалды. Жергілікті өндірушілер ірі компаниялардың көңілінен шығып жақсы тауар шығарып жаста құба-құп. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша министрлік ретінде Ұлттық палатамен жұмыс істегіміз келед», – деді вице-министр.

Айта кетелік, келісім шеңберінде қазақстандық тауарөндірушілердің заманауи құрал-жабдықтар, қосалқы бөлшектер мен технологияларды игеріп, өндіріске енгізуі жолындағы стратегиялық бағытты келісімге қол қойған тараптар анықтайтын болады.

Келісімге келген кәсіпорындар отандық тауарөндірушілерден тауар сатып алу үшін келісімшарттарға отыруға міндеттеледі, ол үшін тауарлар тапсырыс берушінің толық талаптарына сәйкес келуі керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер