«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкенттік кәсіпкерлер монополистің қатаң шартына наразы

2022 жылғы 04 Наурыз
- Шымкент қаласы
14002 просмотров

Шымкент қаласында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөннідегі кеңесте «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының тарапынан бизнес субъектілеріне үлкен тариф белгілеуі және біржақты шарттар қоюы мәселесі талқыланды.

Кәсіпкерлер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың тауарлық газды бөлшек саудада өткізу туралы келісімшартына қосымша келісімнің талаптарымен келіспейтінін алға тартты. Кісіпкерлер газды өткен жылдың соңынан бастап ала бастаған. Бұл құжат оларды газ көлемін түзету мүмкіндігінен айырады және жоғары коэффициенттермен төлеуге мәжбүр етеді. Кәсіпкерлер монополист оларды заңсыз «қысым» жасайды және тұтынушы ретіндегі құқығына нұқсан келтіреді деп санайды.

 «Бұған дейін Шымкент өндірістік филиалы және кәсіпкерлер арасындағы келісімшартта газдың айлық көлемін немесе тұтынушы растаған өтініш бойынша көлемді түзету мүмкіндігі қарастырылған еді. Бұл ретте тұтынушы газ көлемінің жетіспеуі немесе артылуын растайтын құжаттарды беріп, себебін көрсете алатын. Енді қосымша келісімге сәйкес бұл тармақ алынып тасталды. Тұтынушы келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде тауарлық газды жеткізу көлемін қандай да бір түзетуге құқығын толығымен жоғалтады», – деп атап өтті Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сабира Адамбекова.

Сарапшының айтуынша, кәсіпорындар өндірісінің көлемі нарықтың өндірістік өнімге деген сұранысына байланысты. Ал пандемияға байланысты қазіргі шектеу жағдайында қандай да бір қызметті жоспарлау қиын.

Сонымен қатар, қосымша келісімге сәйкес, газ күнделікті тұтыну нормасынан асып кеткен кезде, газ мамандары кәсіпорынды үш сағат ішінде өшіруге құқылы, ал оның салдары үшін жауап бермейді. Кеңес мүшелерінің пікірінше, бұл келісімшарт үздіксіз өндірісі бар кәсіпорындарды тоқтануына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, егер кәсіпкер бұрын қандай да бір түрде газдың артық шығынын негіздеу мүмкіндігіне ие болса, енді кез келген ескертпелер алынып тасталды.  Артық шығын кезінде бір айға тариф бойынша дұрыс орындамағаны үшін кәсіпорыннан 1,2 немесе 1,5 коэффициентімен тұрақсыздық айыбы ретінде төлем алынады.

 «Бұрын келісімшарт бір жылға жасалса, енді бес жылға бір рет жасалады (!) Бізді жарты жылдан кейін не күтіп тұрғанын білмейміз, енді көлемді түзетусіз, айыппұл салу құқығын беретін мына қосымша келісімшартқа қол қоюді мәжбүрлеп жатыр», – деп шағымданды кәсіпкерлер.

 Осыған қатысты «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өкілдерінен қандай да бір пікір алу мүмкін болмады. Өйткені олар Кеңес отырысын елемеді, жиынға келмеді.

 ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сержант Сихымбекұлы кәсіпкерлерден мұндай өтініштерді бірінші рет көріп отырғанын, департаменттің атына өтініштер келіп түспегенін айтты.

«Сонымен қатар, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ  өндірістік филиалында бұл қосымша келісімге ешкім қол қойған жоқ, ешқандай мәжбүрлеу жоқ деп мәлімдейді. Монополистің әрекетіне қатысты Кәсіпкерлік кодекс аясында тергеу жүргізілетін болады», – деп атап өтті спикер.

Кеңес төрағасы Мелес Сейітжанов жақында, қаңтар айының басында газ мәселесі мемлекетіміздегі дағдарыстың себебі болғанын еске салды.

 «Әрине монополистің мұндай қадамы – бизнестің дамуындағы кезекті әкімшілік кедергі. Бұл мәселені тезірек шешу керек. Біз мәселені Табиғи монополияларды реттеу республикалық агенттігінің алдына көтереміз. Өйткені мәселе біздің өңірге ғана қатысты емес», – деп атап өтті спикер.

 Жиын соңында Өңірлік палата «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-қа қрсымша келісімді кері алу және газ көлемін түзетуге тыйым салуды туралы ұсыныс жібереді деп шешілді. «Атамекен» ҚР ҰКП-ға проблемалық мәселені мәселелер тізіліміне енгізу туралы ұсыныс жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер