«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Талап қою арызы кері қайтарып алынды: шымкенттік жылыжайлар бюджеттік субсидияларды қайтармайды

2021 жылғы 04 Қазан
- Шымкент қаласы
9274 просмотров

Инвестициялық субсидияларды негізсіз қайтару мәселесі кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.

2021 жылғы 30 қыркүйекте Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ұйғарым шығарды: субсидияларды бюджетке кері қайтару туралы талап қою арызы қараусыз қалдырылсын.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында Шымкенттің жеті ірі жылыжайының басшылары қалалық ауыл шаруашылығы басқармасынан бұрын алынған инвестициялық субсидияларды қайтару туралы хабарлама алған болатын, олардың жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгені құрады. Субсидияларды қайтаруға мемлекеттік аудитордың қорытындылары негіз болған. Бұдан кейін сотқа талап қою арыздары жолданған. Жылыжайлар Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасына құқықтарын қорғау үшін жүгінген.

Мәселе әртүрлі деңгейде қаралды. Соңғы рет жылыжайлар оны "Атамекен" ҰКП Төралқа басшысы Тимур Құлыбаевқа өңірдің кәсіпкерлерімен онлайн-кездесуде жария етті. Бұл мәселенің шешілуіне Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов едәуір үлес қосты. Бизнес-омбудсмен бұл мәселе бойынша ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовке жүгінді. Бас прокуратура бизнес-омбудсменнің офисімен бірлесіп, қалыптасқан жағдайға талдау жүргізіп, субсидиялаудың әрбір жағдайын зерделеді. Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтардың бір бөлігі жойылғаны анықталды - құжаттама заңнама талаптарын ескере отырып ретке келтіріліп, мұндай жағдайлар бойынша субсидияларды қайтару орынсыз деген қорытындыға келді.

Субсидияларды негізсіз беру фактілері бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері мен талдау негізінде Бас прокуратура аумақтық прокуратураларға жергілікті атқарушы органдарға енгізілген бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды кері қайтарып алу туралы тиісті тапсырмалар берген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер