«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экспорттаушылардың түйткілді мәселесі шешімін тапты

2021 жылғы 15 Ақпан
- Шымкент қаласы
9151 просмотров

2021 жыл 1 қаңтардан  бастап Өзбекстан  73 тауар аталымы бойынша импортқа акцизді алып тастады

 Осыған дейін Өзбекстан Республикасы аумағына әкелінетін тауарға өнімнің сипатына қарай 5-50% аралығында акциз салығы салынып келген. Бұдан бөлек, қазақстандық экспорттаушылар 15 пайыз ҚҚС салығын төлеуге мәбүр болған, ал өзбекстандық өндірушілердің елімізге тауар әкелгенде небәрі 12 пайыз ҚҚС салығын төлейтін. Мұндай шара Қазақстан өндірушілерінің жағдайын қиындатты,  отандық өнім Өзбекстанда ғана емес, ел ішінде де бәсекеге қабілетсіз болып қалды. Өзбекстандық өндірушілер өздерінде ҚҚС қайтару құқығын пайдаланып, акциздерді де төлемей, қазақстандық өндірушілерге қарағанда Қазақстанда өнімдерін 10-15 пайызға арзан сатып келді.

 Көп жылдар бойы осы мәселе түрлі деңгейдегі жиындарда күн тәртібінен түспеді. Соңғы жиында оңтүстік өңірлердің кәсіпкерлері «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасымен кездесулерде де көтеріп келді.

 Айта кету керек, 2017 жылдан бастап Өзбекстан ТМД елдерінен тасымалданатын тауарлардың  90-ға жуық тобының импортына акциз салығын біртіндеп төмендетіп немесе алып тастады. Олар 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін, яғни республикада өндірілген тауарларға акциздер ставкаларын біріздендіру үшін берілген өтпелі кезең аяқталғанға дейін өткізілді.

«Бал Текстиль» кілем фабрикасының директоры, Шымкенттегі кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі Талғат Исхахов импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне акциз салығын алып тастау кәсіпкерлік субъектілеріне бірдей жағдай жасайды деп санайды.

 «Кілем өнімдері Өзбекстанға импортталғанда акциз салығы салынбайтын тауарлар тізіміне енді. Бұл жақсы жаңалық. Осыған дейін біз жылына небәрі 20 мың шаршы метр кілем өнімін кіргізе алдық әрі алдымен 15 пайыз, содан кейін 30 пайыз салық салығын төлеп жүрдік. Енді біз көрші елге шарты миллион шаршы метрге дейін өнім жөнелтуге дайынбыз. Өзбекстаннан да тапсырыстар көбейіп, ірі тапсырыстар шығып жатыр», – деді Талғат Исхахов.

Еске салайық, импортталатын 73 тауар бойынша акциз алынып тасталды: электр өнімдері (теледидарлар, тоңазытқыштар, кондиционерлер, кір жуғыш машиналар, микротолқынды пештер, шаңсорғыштар), тамақ өнімдері (маргарин, шоколад, кондитерлік өнімдер) , шырындар, газдалған және минералды сусындар), кілемдер, металл құрылымдар және т.б. (Өзбекстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ПП-4938 қаулысы).

«Шымкент қаласы сауда орталығы саналады және Өзбекстан Республикасының жанында орналасқан. Біздің экспорттаушылар үшін негізгі нарық – Өзбекстан нарығы, мұнда 2020 жылы барлық экспорттың үлесі 48%-ды құрады. Біздің кәсіпорындар көрші елге экспорт көлемін ұлғайтуға дайын. Акциздердің алынып тасталуы қазақстандық тауарлардың экспортын ұлғайтуға қосымша серпін береді», – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әділжан Датқаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер