«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШЫМКЕНТ БИЗНЕСІ: "ЕЛБАСЫҒА ТЕЗІРЕК САУЫҒЫП КЕТУДІ ТІЛЕЙМІЗ!»

2020 жылғы 18 Маусым
- Шымкент қаласы
6860 просмотров

Шымкент бизнесі Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусты жұқтырғаны туралы жаңалыққа жауап берді.

"Бүгін біз, өкінішке орай, коронавирустың біздің Тұңғыш Президентті де айналып өтпейтіні туралы жаңалықты естідік. Бұл факт бізге тағы да CОVID-19 - адамдардың денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ біздің еліміздің экономикасына шынымен аса қауіпті екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан осы қатерге қарсы тұру үшін біз бәріміз карантин талаптарын қатаң сақтауымыз керек, пандемия мен оның салдарларына батыл жауап беру үшін бірігуіміз керек. Біз қаланың және бүкіл елдің әрбір тұрғынын азаматтық жауапкершілікке шақырамыз. Тек осылай ғана жұқтыру жағдайлары санының өсуін тежеп, өзімізді аурудан қорғап, жалпы осы теңдесі жоқ дағдарысты жеңе аламыз.

Біз Елбасының ауруды жеңетініне сенеміз. Оған күш пен мықты денсаулық тілейміз!"- Шымкент қаласы кәсіпкерлерінің атынан Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов тілек білдірді. Өтінішке қол қойғандардың арасында - "Атамекен Корпорациясы" ЖШС Бас директоры М. Төлтебаев, "Бал Текстиль" ЖШС директоры Т. Исхахов, "Визит" АСЗ ЖШС Бас директоры В. Злавдинов, "Karlskrona LC AB" ЖШС Бас директоры У. Ахметов және басқа да кәсіпкерлер бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер