«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер ТМД мәдени астанасын жарнама қоқысынан тазалауға шақырды

2020 жылғы 07 Ақпан
- Шымкент қаласы
11014 просмотров

Шымкент қаласында заңсыз орнатылған жарнама және хабарландыруларды алып тастауға уақыт берілді

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында шаһардың эстетикалық келбетін бұзатын заңсыз жарнамалық маңдайшалар тақырыбын талқылады. Дөңгелек үстел отырысына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Сәулет, қала салу басқармасы, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері, фискалды және құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Аталған мәселе жуырда Шымкент қаласына ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін берумен байланысты. Осы жылы қала өзінің 2200-жылдығын атап өтеді, ал осыған республикалық мәндегі қала мәртебесін қосса – мұның бәрі қала мен тұрғындарға қойылған үлкен жауапкершілік. Шаһарға Қазақстанның барлық қалаларынан, сондай-ақ ТМД-ның көптеген қалаларынан конақтардың келуі  күтілуде.

Биыл жергілікті және халықаралық іс-шаралар жоспарланған, олардың дені келесі айдан бастау алады. Сондықтан қала билігі ТМД-ның болашақ мәдени қаласының сырт келбетіне алаңдаушылық білдіруде. Олардың айтуынша, қаланың эстетикалық көрінісін түрлі-түсті хабарландырулар, анда-мұнда жабыстырылған баннерлер, бағандар мен ағаштарға ілінген парақшалар бұзып тұр. Жарнама таратушылардың артық кеткені сонша, олар жарнаманы кез келген жерге жабыстыра бастаған, тіпті бағдаршам, су-газ құбырлары, жол жүру белгілері, трансформатор будкалары да жарнама парақшаларына толы. Қала билігі кәсіпкерлерге де ескертулер айтты, олар өз объектілерінде өздігінен жабысатын жарнама үлбірлерін қолданады. Мұндай арзан жарнама ірі сауда орталықтарында да, шағын азық-түлік дүкендерінде де, көше бутиктері, кеңсе қасбеттері және басқа да кәсіпкерлік объектілерінде ілінеді.

Айта кетелік, кездесу барысында осындай бұзушылықтарға жуапкершілік тағадайындалатыны ескертілді. Белгіленбеген жерде жарнаманы орналастыру үшін жергілікті полиция қызметі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 455 және 505-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы. Ал салық органдары Салық кодексінің 605-бабына сәйкес кәсіпкерлерді салық төлеуден бөлек айыппұл төлеуге міндеттейді.

 Тағы бір мәселе – сауда орындары мен базарлардың өзінде заңсыз жарнама. Оны базар жетекшілері қадағалауы керек. Айта кетелік, дәл осы жерде – көрнекі жарнама легі сан-алуан, мұндай жарнама үшін ешкім төлемейді. Мұның салдары үлкен айыппұлдарға әкелуі мүмкін. Егер базар басқарушылары қысқа мерзімде өз аумақтарында тәртіп орнатпаса, әңгіме басқаша болады. Әзірге базар басшыларына, кәсіпкерлерге де салық төлеусіз, айыппұлдарсыз және басқа да санкцияларсыз визуалдық қоқыстан арылуға уақыт берілді. Жарнама ілу тәртібін қала келбетін құртпай бір стильде жасау қажет.

 «Біз қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге аталған мәселеге жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Егер сыртқы жарнама ілуге қажеттілік болса, онда оны Сәулет басқармасымен мақұлдау керек. Қаланың сыртқы келбетін бұзатын плакаттарды ілуден аулақ болу шарт. Бұдан бөлек, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын қала тұрғындарына бірреттік жарнаманы ілуге орын бөлуді сұраймыз», – деді Шымкент қаласы ӨКП директорының орынбасары Қайрат Акенов.

 Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев әкімдікте тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі іске қосылатынын хабарлады, осы нөмір арқылы қала тұрғындары заңсыз жарнамаға қатысты бұзушылықтар туралы ақпарат бере алады. Сонымен қатар whatsApp-чат құрылады, онда бұзушылықтар туралы фото, бейне жазба, хабарлама жіберуге болады. Айта кетелік, қала көрінісі мен тазалығына жанашыр тұрғындарды ынталандыру жүйесі қарастырылмақ.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер