«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Оралда инвесторлар картон қаптамасын өндіреді

2019 жылғы 06 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
6291 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасында Түркия Республикасынан Cukurova Paper and Packaging Group компания делегациясының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Инвесторлар Батыс Қазақстан облысында картон қаптамасын шығару өндірісін ұйымдастыруға қызығушылық танытып отыр

БҚО-ға  аталған түрік делегациясы алғаш рет келді. Өндірісін кеңейткен холдинг жергілікті нарықты игеріп, Ресеймен көршілес нарықты экспортпен қамтымақ. Қазақстан нарығын инвестор егжей-тегжейлі зерттеген. Нәтижесінде гофро қаптамаға батыс өңірі және Ақмола облысының Макинск қаласында қажеттілік бары анықталды.

 «Макинск қаласымен келісім жасалып қойды. Біз гофрокартон шығарамыз. Тауарымызды Қазақстанға бұл жерден ары қарай Еуропа мен Ресейге экспорттауды көздейміз. Біз алдағы 5 жыл бойы 40 млн АҚШ долларын инвестициялауға дайынбыз», – деді Cukurova холдингінің бас директоры Иса Доганлы

БҚО бірнеше жылдар бойы Түрік Республикасымен ынтымақтасып келеді. Жаңа байланыс әріптестікті нығайта түседі.

 «Бізде логистика жақсы. Тасжолдар жақсы, шекара бекеттері модернизацияланған. Басқа елдерге экспорттауда проблема туындамайды. Батыс Қазақстан тауар өндірушілер түрлі өнім шығарады. Жанымызда сапалы қаптама шығарушы компания болса, тиімділігі жоғары болмақ. Бізде 5 гектарға жылыжай салынып жатыр. 11 гектар жылыжай салу науқаны басталып кетті, тағы 60 гектарға жылыжай салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Барлығы голландиялық технологиямен салынады. Тағы ет комбинаттары мен басқа да компаниялар жұмыс істеуде. Олардың әрқайсысы сізге әлеуетті клиент», – деді ЗҚО әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев.  

БҚО-да өндірістік базаны салуға түріктер қазір кірісуге дайын. Кездесу барысында олар 5 жылға шақталған инвестициялық жоспарды таныстырды, онда әр қадам, әр әрекет есептелген. Бүгінде Cukurova холдинг әлемде картон шығару бойынша жетекші компанияның бірі. Жыл сайын олар шығаратын өнімнің 150 мың тоннасы экспортталады. Осы ретте БҚО ірі компаниялардың пулы қағаз қаптаманы сырттан тасымалдауға мәжбүр.

 Кездесу барысында түрік компанияның өкілдері ірі компаниялар өндірісіне барады әрі өз өнімін таныстыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырады. Алдағы бір-екі айда нарық қажеттілігі зерттеледі, келесі жылы жоба іске асады.


 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер