Шымкентте Орталық Азия сауда форумы өтіп жатыр
Шымкентте тоғызыншы жыл сайынғы Орта Азия сауда форумы өтіп жатыр
Форум ұйымдастырушылары – «Атамекен» ҚР ҰКП, Agrobiz.kz ауыл шаруашылығы порталы, «CERT Academy», ЕҚДБ және БҰҰДБ бірлесуімен USAID-тің Орта Азияда бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру бойынша жобасы.
500-ден астам компания жетекшілері, мемлекеттік сектор өкілдері, Орта және Оңтүстік Азия, Еуропа және АҚШ-тан келген салалық сарапшылар Орталық Азияның жеміс-көкөніс секторындағы инвестициялық және инновациялық тәсілдерді талқылау үшін форумға қатысуда. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізуде Шымкент қаласы кездейсоқ таңдалған жоқ.
«Бүгінде Шымкент Қазақстанның халықаралық саудада оңтүсітк қақпасы іспетті өңірдің екі ірі экономикасын біріктіріп, көлік-логистикалық хаб ретінде даму үстінде. Қаламыз бүкіл өңір үшін тауарларды тасымалдаудың транзитті түйіні. Шымкентте мұндай форум алғаш рет өтіп жатқаны өңіріміздің халықаралық әрі өңіраралық маңызын айқындайды. Біз Ұлы Жібек жолы торабында орналасқанбыз, жан-жағымызда тамақ өнеркәсібінің дайын өнімін өндіруге арналған үлкен шикізаттық база бар», – деді Шымкент ӨКП директоры Нұрлан Қабіштаев.
Биылғы форумның тақырыбы – «Жеміс-көкөніс секторында инновациялық және инвестициялық тәсілдер». Қатысушылар жаңа технологиялар, инвестициялық мүмкіндіктер, сауда серіктестігі және жаңа серіктестер табудың желілері туралы кең ауқымда ақпарат алады. Форум дәстүрлі түрде өңірлік әрі халықаралық сауданың маңызды мәселелерін шешу бойынша диалог құрудың алаңы. Биыл іс-шараның ұйымдастырушылары сапаны басқару бойынша семинар, сондай-ақ экспортты ілгерілету бойынша шеберлік сабағын өткізуде.
Форумның алғашқы күнінде қатысушылар Орта Азия және оның аумағынан тыс жерде жеміс-көкөніс саласында түрлі инновациялық және инвестициялық тәсілдермен танысты. Еуропа қайта құру және даму банкінің сарапшылары жеміс-көкөніс өнімін өндіру жөнінде сессия өткізді: өнімділікті арттыру, инвестцииялар және қаржы, технологиялық процестер. БҰҰ (БҰҰДБ) дамыту жөніндегі бағдарламасының мамандары өңірде органикалық өнім өндірісімен таныстырды.
«CERT Academy» халықаралық тренинг компаниясы «ISO 9001: 2015, ISO 22000: 2018 және ISO 45001: 2018 жаңа стандарттарымен менеджмент жүйелеріндегі ойлауды өзгерту» тақырыбында халықаралық-тәжірибелік конференцияны өткізді.
Форумның екінші күнінде қатысушылар Оңтүістік Қазақстанда AgriTech 2019 ауыл шаруашылығының мамандандырылған көрмесін, ауылшаруашылық техникаларын, жабдықтарды, жемістер мен көкөністерді өсірудің жаңа технологияларын көрсететін өнеркәсіптік сауда алаңын тамашалап, сонымен қатар далалық шараларға қатысуға – заманауи логистикалық орталыққа барып, Түркістанның көрікті жерлерімен таныса алады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: