«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Табысты бизнестің негіздері туралы айтылды

2019 жылғы 13 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
12128 просмотров

«Жас кәсіпкер» және «Бастау» жобаларымен оқып жатқан 700-ге жуық түлек «Баста!» форумына жиналды

Танымал кәсіпкерлер эмоциялық әсермен және шын жүректен бизнестегі жолдары туралы, табыстары және сәтсіздіктері жайында  айтып, практикалық кеңестер берді. Олардың әрқайсысында – өзінің бірегей табыс тағылымы: жеке қателіктер, сәтсіз кезеңдері және керісінше, инсайттар және бизнесте сапалы өсуге әкелген дұрыс  шешімдері бар.

 Актриса Гүлшара Жұбаева («Келін», «Қасқыр ізі» фильмдерінде рөл ойнаған) бүгінде сұлулық салондары және тапсырысқа тігін фирманың иесі. Ол өізінің алғашқы миллионына қалай жеткені туралы айтты. Кәсіпкер ісін үйде тігін тігуден бастаған. Іскер әйелдің айтуынша, дұрыс жоспарлау және қалағанына жетудегі табандылық оған жетістікке жетуге көмектесті.

 «Жеке кәсіпке туыс және таныстарды шақырмас бұрын жақсылап ойлануға кеңес берер едім. Бұл химиядағы бірікпейтін қоспа іспетті: не істесең де қалдығы шығады. Қатаң, бірақ басқаруда қажетті тапсырмаларды достар өкпемен қабылдайды. Туыстардың олқылықтарында, олардың жағдайын түсініп, кешіре салып, талаптарды аз қоя бастайсыз. Бірақ жұмыс – жеке қарым-қатынас емес. Мұнда біз өзіміздің бизнес-идеяларымызды жүзеге асырамыз, пайда табамыз. Мұнда туыстық жылулыққа орын жоқ. Сондықтан менің жауабым: туыстарыңыз бен достарыңызды бизнесіңізден аулақ ұстаңыз», – дейді Гүлшарат.

Екінші спикер «Асыл арман» компаниясының негізін қалаушы Алма Архабаева – табысты бизнес және көп балалы отбасының үйлесімділігінің жарқын көрінісі. Бизнес ханым балалар – бизнес дамуына кедергі емес деп санайды.

 «Отбасым – әрқашан энергия силайтын менің шабытым. Бұдан бөлек, мен балаларыммен тең дәрежеде, сеніммен сөйлесуге тырысатынмын, сондықтан біз нағыз досқа айналдық, біз бір-бірімізді қиын сәтті қолдай аламыз», – дейді Алма Архабаева.

Өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, Алма Архабаева сәттілікке әкелетін бірнеше тиімді ережелерді айтты: жеке идеяға ғашық болып, өз күшіңе сену керек; бизнесте белгілі бір батылдықты, тәуекелділікті таныту қажет, бірақ шамадан тыс емес; адамдарды жақсы көріп, олармен ынтымақтастық орнату; жауапкершілік негізін басқаларға ысырмай өзің көтеру.

 «Кәсіпкерлік тәжірибеме 9 жастан қалыптасты – бір шелек шие саттым. Сол уақыттан бері қалай сату керек екенін түсіндім. Сата білу және жеке бизнес бөлінбес элементтер. Бұл болт пен гайка секілді нәрселер. Бөлек-бөлек олардың тиімділігі шамалы. Сіз сансыз кітап оқып, көптеген тренингтерге қатысуыңыз мүмкін, бірақ тірі тәжірибені ештеңемен алмастыра алмайсың», – деді Алма Архабаева.

 «Стекло К» ЖШС директоры Хондамира Юлдашева «Giper House» директоры Нұрдәулет Әбусаттаровтың ойлары бір: идеяға баса назар аудару – сәттілік кепілі. Тұрақтылық пен икемділік, алаңдаушылыққа бой алдырмау - кәсіпкердің маңызды қасиеті.

 Хондамир Юлдашев темір балқыту зауытын салған, ол ешуақытта несие алуға асықпаған. Оның пікірінше, банктен несие алу бизне ашуда тиімсіз. Одан гөрі бизнеске жеке капитал тартқан абзалырақ. Әлеуетті серіктестерді табудың кілті жақсы ойластырылған, сауатты есептелген және әдемі ұсынылған бизнес-идея болады.

Төртінші спикер – Нұрдәулет Әбусаттаров ірі компанияны басқармас бұрын басқа түрлі компанияларда жұмыс істеп тәжірибе жинақтаған. Кейін бастапқы капиталсыз бизнес ашуды ойлайды. Бүгінде ол табысты кәсіпкер 6 баланың әкесі.  

«Бәсекелестік – сау бизнестің символы деп ойлауға үйрендік. Алайда жыл өткен сайын бәсекелестік күшейіп келеді, ал тұтынушылардың назары үшін күрес барған сайын қанды болып келеді. Бизнес-мұхит қызыл түске боялып, онды тіршілік ету қиын болып барады.  Сізге шетке кетіп, жақсы нәрсе ойлап табу керек. Сонда ғана мұхиттің тыңыш тұңғиығында бизнесіңіз табысқа кенеледі», – деді кәсіпкер.

 Тұтастай алғанда форум қызықты әрі пайдалы болды.

 «Табысты бизнесмендердің практикалық  тәжірибесі бастауыш кәіпкерлер үшін маңызды. Бұл бай тәжірибені игерудің жасқы мүмкіндігі. Осындай үлгі сізді қателіктерден сақтап, жаңа бастамаларға жетелейді», – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер