«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкенттік кәсіпкерлер LED-экрандарды сөндіріп тастады

2019 жылғы 24 Сәуір
- Шымкент қаласы
10625 просмотров

 Шымкенттік жарнама компаниялары «Жарнама туралы» Заңға енгізілген түзетулер қатал деп санап, LED-экрандарды сөндіріп тастады

2019 жыл 11 сәуірде Қазақстанда жарнама туралы заңнамаға енгізілген өзгертулер күшіне енді. Шымкенттік кәсіпкерлердің пікірінше, бұл түзетулер оларға кері әсер етіп, тіпті жарнама компаниялардың жабылуына әкеп соғады.

Бәрінен бұрын жарнама нарығының өкілдері жергілікті атқарушы органдар және Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіруіне наразылық білдірді. Олардың айтуынша, жарнама агенттіктерден ситивизорлар, LED-экрандар және жүгіртпе жолдарға жарнама орналастыру үшін қосымша салық салынады. Сәйкесінше, енді ситивизорлар мен LED-экрандарда көрсетілетін әр роликке, сондай-ақ, басқа конструкциялардағы әр сурет үшін салық төлеу керек.

«Аталған нормаларды түсіндірген адамдар, осылайша салық салу көлемін арттыру арқылы жергілікті бюджетке төлемдер көбейеді деп ойлаған, бәлкім. Олар қатты қателіседі. Мәселен, мен қалада орналасқан жекеменшік 3 монитор үшін онда жарнама жүргені немесе мониторлар сөніп тұрғанына қарамастан әр LED-экранға 50 мың теңгеден төлеп отырдым. Бұл біздің бизнес секторы үшін өте ауыр салық салу. Егер  LED-экрандарға жарнама жасау құнын бірнеше есе жоғарылататын болсақ, онда жарнама берушілер саны күрт төмендеп, не олар толығымен кетіп қалуы мүмкін. Біз жарнама объектілеріне қызмет көрсетуге қажетті: электр энергиясы, жоғары білікті электроншының қызметі, қосалқы бөлшектерге кететін шығындарды қосып отырған жоқпыз. Бізге мониторларды сөндіріп, салық төлемеу оңайырақ! Жарнама жоқ – салық жоқ!», – деп санайыды жарнама компанияларының өкілдері.

Жарнама компаниялары Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы алаңында сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Мемлекеттік кірістер органдары өкілдерімен өткен кездесу барысында салық салу мәселесін жекелей көтерді.  Мемлекеттік органдар орын алған ситуация бойынша – құқық қолдану практикасының болмауына нақты түсіндерме бере алмады. Сәулет басқармасы заңнаманы енгізу шеңберінде салық салуды ресми түсіндіру туралы Ұлттық экономика министрлігіне сұратым жіберді.  

  Ал жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне келер болсақ, Шымкент қаласы әкімдігінің қызметкерлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның 46-бабы 6-тармақшасын назарға алмайды, онда қызметтің нақты түріне немесе әрекетке қатысты рұқсат беру тәртібінің орнына хабарлама жасау тәртібі енгізілген кезде, хабарлама жасау тәртібін енгізу кезіне қызметтің осы түріне немесе әрекетке арналған жарамды рұқсаты болған жеке және заңды тұлғалар хабарламаны жіберген болып есептеледі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне автоматты түрде енгізіледі делінген.

Ал сәулет органдарының осы жағдайдағы міндеті бұрын берілген рұқсаттардан деректерді (мөлшерлеменің азайғанын есепке алып) өз базалары мен мемлекеттік кірістер базаларына ауыстыру. Содан кейін (уақыты мен ынталары болса) не дұрыс емес, қай жерде ақау кеткенін тексеріп, тағыда, бірінші кезекте кәсіпкерге анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама жіберулері қажет.

 Осы ретте ҚР Салық кодексі 605-бабының 3-тармағында «сыртқы (көрнекі) жарнама үшін төлемақы мөлшерлемесі  сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді» делінген. Яғни төлем роликтер және сурет санына байланысты жүргізілмейді.

 Мемлекеттік органдар және бизнес арасындағы түсінбеушілікті алып тастау мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» ҰКП бірлесіп, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру Ережелерін әзірледі, аталған әзірлеме мемлекеттік органдардың мақұлдауына жіберілді

 Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Азамат Бейсенбеновтың айтуынша, Аталған Ережелер айқындық енгізіп, даулы мәселені шешеді.

«Ережелердің 3-бөлімі 17-тармағына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін бірінші айға және келесі айлар үшін төлем мөлшерлемесі Салық кодексі бекіткен ай сайынғы базалық мөлшерлемерге сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданын негізге алына отырып, орналастырылмақ сыртқы (көрнекі) жарнаманың, соның ішінде суреттер, бейнероликтер санына, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі қарамағында мемлекеттік тіл және орыс тілінде жазылған жүгіртпе жолдың санына қарамастан, төленген ай ішінде есептеледі», – деп атап өтті Азамат Бейсенбенов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер