«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасында жаңа директор

2019 жылғы 19 Наурыз
- Шымкент қаласы
12362 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасына Нұрлан Қәбіштаев басшы болды. Осыған дейін Нұрлан Қәбіштаев  Алматы қаласы ӨКП Аппаратының жетекшісі қызметін атқарған

Нұрлан Қәбіштаев 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.

 С.Демирел атындағы университетті (экономика бакалавры), Женеваның МВА бизнес-мектебін бітірген.

 Еңбек жолын 2009 «Еуразиялық банкі» АҚ-тың несие бөлімінде, 2010 жылы – Түркияның «Сыртқы сауданы басқару» Экономика министрлігінің экспорт/импорт бөлімінде тағылымдамадан өтуші ретінде бастаған.

 2011-2021 жж. – «КПМГАУДИТ» ЖШС Аудиторлық департаментінің 1-санаттағы ассистенті.

2013 жылы «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ 1-санаттағы менеджері.

2013-2015 жж. – ОҚО ӨКП Экономикалық талдау және инвестициялық жобалар бөлімінің директоры.

2015 жылы – ОҚО ӨКП бас директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.

2015-2017 жж. –   «ҚАЗЫНА ЖЕР LTD» ЖШС Басқарушы директоры.

2017-2018 жж. – «SYNERGY AGRO TRADE» ӘКК Тең құрылтайшысы/Төрағасы.

2018-2019 жылдың наурызына дейін – Алматы қаласы ӨКП Аппарат жетекшісі

 Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, түрік тілін меңгерген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер