«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер құқығы, салық және субсидия: Түркістанда салалық кеңестердің бірлескен отырысы өтті

2026 жылғы 23 Қаңтар
- Түркістан облысы
404 просмотров

Бүгін Түркістанда Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің, сондай-ақ Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі, Білім беру және медицинаны дамыту салалық кәсіпкерлер кеңестерінің бірлескен отырысы өтті.

Жиынға кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары және өңір кәсіпкерлері қатысты. Отырысқа Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Орынбасар Кабиштаев төрағалық етті. Хатшылықты Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова жүргізді.

Кеңес отырысын ашқан Орынбасар Кабиштаев кәсіпкерлердің жүйелі мәселелерін ашық көтеріп, оларды уақтылы шешудің маңыздылығына тоқталды.
«Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – тек жекелеген дауларды шешу емес, бизнеске кедергі келтіретін жүйелі проблемаларды анықтап, оларды мемлекеттік органдармен бірлесіп жою. Кеңес алаңы осы мәселелерді ашық талқылап, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік беруі тиіс», – деді ол.

Күн тәртібінде кәсіпкерлер үшін өзекті бірнеше мәселе қаралды. Атап айтқанда, қала аумағындағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуы мәселесі талқыланып, бұл бағытта Түркістан қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Досжанов баяндама жасады.

Сонымен қатар 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексіне сәйкес сыртқы (визуалды) жарнамаға қатысты төлемдер мен салықтық міндеттемелердегі өзгерістер туралы ақпарат ұсынылды. Бұл мәселе бойынша Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Қалдыбаев түсіндірме берді.

Отырыста қаралған маңызды тақырыптардың бірі – асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау жөніндегі кәсіпкерлік субъектілердің пайдасына шығарылған сот шешімдерінің орындаусыз қалу мәселесі болды. Аталған мәселе бойынша Кәсіпкерлер палатасының 1-санаттағы сарапшысы Бексултан Абибулла баяндама жасап, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тұрғысынан нақты ұсыныстарын жеткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерге қатысты хаттамалық шешімдер қабылданып, оларды шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар жолданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174