«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте экспорттаушыларды қолдау бойынша жоба іске қосылды

2019 жылғы 18 Ақпан
- Шымкент қаласы
9886 просмотров

Шымкент қаласының Кәсіпкерелер палатасы өнімдерін Өзбестанға экспорттайтын кәсіпорындардың мәселелерін шешуге көмектеспек

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында отандық өндірушілердің көрші елге экспорттауын қолдау бойынша «Өзбекстанға апарар терезе» жобасы қолға алынды. Жоба осы елге экспорттаушылардың проблемалық мәселелерін шешуге көмектесуге, сонымен қатар кәсібін енді бастаған және жұмыс істеп жатқан экспорттаушыларға Өзбекстанға экспорт көлемін арттыруда қолдау көрсетуге бағытталған.

 Бүгінде Өзбекстан Республикасы  Шымкент қаласы және Түркістан облысының басты сауда серіктесі болып отыр, оның үлесі жалпы тауар айналымның 20,3%-ын құрайды.

 «Алайда мәселе тереңде жатыр. Өзбек кәсіпкерлері қазақстандық нарыққа оңай кіре алады, әрі өз тауарларымен жергілікті өнімді ығыстырып жатыр. Ал қазақстандық кәсіпкерлер Өзбекстан нарығына зорға өтіп жүр. Соңғы уақытта Шымкент базарларына көрші Өзбекстаннан арзан өнім ағыны келді. Алкогольді және алкогольсіз сусындар, кілем және текстиль өнімдері, тез бұзылатын шөп-шалаң – Шымкент пен Түркістан базарларын толтырып, жергілікті тауарды ығыстырып жатқан өнімнің бір парасы ғана. Ал біздің өнім өзбекстандық нарықта жергілікті өніммен бәсекеге түсе алмай жатыр», – деді Шымкент қаласы ӨКП директорының орынбасары Данияр Дәрмен.

 Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Өзбестаннан келетін арзан өнімнің себептерін және осы мемлекетке экспорттауды ұлғайтудың мүмкін еместігін талдап анықатды. Басты себеп – теңсіз бәсекелестікте: қазақстандық өнімге өзбек тарапынан салықтық ауыртпалықтар түрінде кедергілер жасалады, ал өзбекстандық тауарға біздің елге экспортталғанда акциздік салық мүлде қарастырылмаған.

 Мәселен, отандық өндірушілер алкогольсіз сусындарды экспорттауда 2019 жыл 1 қаңтардан бастап кедендік құннан 25% акциздік салықты төлеуге міндетті (осыған дейін аталған салық 50%-ға тең болған). Жекелеген алкогольді сусындарды Өзбекстанға экспорттауда қазақстандық өндірушілерге акциз 2331 теңгені құрайды, тура осындай өнімді импорттағанда өзбекстандық бизнес 2000 теңге акциз салығын төлейді. Орта есппен алкогольді сусындарға акциз салығының арасындағы айырмашылық Өзбекстан пайдасына 1000-нан 4500 теңге құрап отыр. Ал Қазақстанда Өзбекстаннан келетін осындай тауарларға акциз мүлде қарастырылмаған.

 «Отандық тауар өндірушілердің Өзбекстанға экспортқа шығуы бойынша қолдау шараларының кешенін анықтадық. Оларды жоба аясындай жүзеге асыру көзделген. Бұл бүтін жүйелі жұмыс: экспортталатын қазақстандық тауарға акциздік салықты, кедендік тарифті төмендету және т.б. Біз эксплрттау кезінде туындаған мәселелерді шешу бойынша әр компанияға жекелей көмектесетін боламыз», – деді Данияр Дәрмен.

 Оның айтуынша, Палата сарапшылары осыған дейін Өзбекстанға тауар сатып көрмеген жаңа экспорттаушыларды жұмылдыру бойынша жұмыс істейтін болады. Ол үшін сарапшылар осы мемлекетке экспорт бойынша нарыққа маркетингтік талдау жүргізуге дейін консультациялар беретін болады. «Өзбекстанға апарар терезе» жобасы 27 ақпан күні экспорттаушыларға тегін семинар өткізумен басталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер