«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қажет пе?

2019 жылғы 24 Қаңтар
4917 просмотров

Бизнес-қоғамдастық және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар көмитетінің өкілдері Өрт аудиторларының қажеттілігі мәселесін  «Атамекен» алаңында талқылады

Қазақстанда өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік емес бақылаудың балама жүйесі 2015 жылы құрылды. Қазіргі таңда елде 200-ге жуық аудиторлық ұйым қызмет атқарып жатыр.

2017 жылы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудиторлар 1367 қорытынды берген, оның ішінде жетеуі ғана теріс қорытынды. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет  «Көпшілік жиналатын объектілердегі қауіпсіздікті арттыру туралы» жол картаны жүзеге асыру жұмысын бастады. Жол картаның бір тармағы өрт қауіпсіздігі аудитын жетілдіруге байланысты.

 

Өз кезегінде бизнес өкілдері өрт аудитының қажеттілігіне күмәнмен қарайды.  

Бүгінде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына – заңнамамен белгіленген өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын (1000-ға жуық талап) орындау немесе өрт аудитін жүргізу арқылы өрт шығу тәуекелі деңгейін бағалау мен оларды төмендету қосымша шараларын қолдау бойынша таңдау беріліп отыр.

 «Кәсіпкерлерге жиі барамын, көбісі аудиторларды жалдап, тексеру үшін ақша төлеудің жөні жоқ деп санайды. Өйткені мұндай тексеруді мемлекеттік орган өзі жасап, бұзышылықтардың тегін анықтап береді», – деді «Зевс энерго» ЖШС директоры Әсет Әшкен.

 Кейбір кәсіпкерлер аудитті тегін жүргізе бастады. Есесіне бұзушылықты алып тастау, өрт жабдығын орнату мен оған қызмет көрсетуге ақы алады.

Бизнес-қоғамдастық аудиттың орнына балама ретінде өкілетті орган тарапынан бақылауды енгізіп, өз қызметтерін заңнама тұрғыдан бекітуді ұсынды. Сонымен қатар өрт аудиторларының құзіреттілігін кеңейту ұсынылды.

 «Құзыретімізді арттыруды ұсынамыз. Өрт аудиторы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, жабдық жеткізу, оқыту және қызмет көрсетуді өз құзіретіне алуы керек», – деді «Өрт қауіпсіздігі тәуелдігін бағалау» ЖШС директоры Алмас Өтегенов.

 Өрт кауіпсіздігіне қатысты аудитор нарығын дамытудың тағы бір жолы ретінде өкілетті органға мамандыққа кіруін күшету ұсынылды.

 Бұған дейін «Атамекен» балама ретінде бизнес-қоғамдастыққа шоғырланып, ерікті өзін-өзі реттейтін ұйым құруды ұсынған болатын. Сонымен қатар сақтандырушы агенттермен жұмысты бастау ұсынылған, осылайша нарық кеңейіп, мүдделер арасындағы қақтығыс реттелер еді.

 Өзін-өзі реттейтін ұйымға шоғырлану қауымдастықтарға бірігуге, нарықта жуапкершілікті арттыруға арналған жеке стандарттарды қабылдауға және өкілетті орган тарапынан болатын тексеру санын азайтуға мүмкіндік береді.

 «Өрт аудиторларын бақылай алмаймыз, онда қызметтің мәні кетеді. Сіздер нарықтық қатынасқа өттіңіздер. Өзін-өзі реттейтін ұйымды құру ұсынысын қолдаймыз. Өзін-өзі реттейтін ұйым бірнеше компанияларға бір қауымдастыққа бірігуге жол ашады. Демек бір ұйым атынан бірден 20 компанияның пікірі, ұстанымы айтылады. Бір сөзбен айтқанда, өзін-өзі реттейтін ұйым институты құрыла бастады, қазіргі таңда ерікті мүшелікте 3 қауымдастық бар», – деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық іс-шаралар департаменті Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының бастығы Рүстем Ысқақов.

«Атамекен» бизнес өкілдеріне шоғырландыру мүмкіндіктерін қарауды ұсынды. Сонымен қатар бизнес тарапы өрт аудиторлары нарығын жетілдіру бойынша ұсынастарын айта алады. Ұсыныстарды мына поштаға жолдауға болады a.turezhanov@atameken.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер