«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық өндірушіні қорғау және микро бизнесті дамыту – басымдықта

2019 жылғы 11 Қаңтар
- Шымкент қаласы
11426 просмотров

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының 2018 жылдағы басты жетістігі Палата сарапшыларының кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін және жалпы қала экономикасын зерттеу бойынша кеңейтілген талдау жұмысы болды.

Бұл туралы Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров Палатынң 2018 жылғы жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференциясы барысында айтты.

 Оның айтуынша, Өңірлік кәсікерлер палатасы барлық салалар бойынша қаланың соңғы жылдардағы экономикалық дамуына талдау жасап, үлкен жұмыс атқарған. Бұл талдау инвестициялар түсімі, экспорт-импорт, сауда, шағын және орта бизнес, өнеркәсіп, АӨК, туризм көрсеткіштерін қамтиды.

 «Қазіргі таңда талдау экономиканың негізгі салалары қалай дамып жатқанын көрсетті. Биыл бұл жұмысты ары қарай жалғастыратын боламыз, экономиканың қосалқы салаларын және юбелгілі бір тауарлар бойынша ахуалды тереңірек зерттейміз. Жалпы аталған талдау мемлекеттік қызмет пен бизнестің жетекшілері үшін көмекші құрал бола алады. Сонымен қатар талдау орын алған жағдайды тез түсініп, жылдам шешемі қаьылдауға көмектеседі», – деді Асқар Әбубәкіров.

ӨКП сарапшылары өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына паспорттау жүргізді және жергілікті тауармен алмастыруға болатын 10 импорт тауарды анықтады. Жалпы алғанда 313,8 млн АҚШ долларын құрайтын өнім импортты алмастыруға жатады. 

 Бұл тауардың барлығын Шымкент қаласы және Түркістан облысында өндіруге мүмкіндік бар. Әр аталым бойынша паспорттаудан өткен кәсіпорындар арасында импортты алмастыра алатын нақты жергілікті тауар өндірушілер де бар.

«Озық ондыққа кіретін тауарлар – жергілікті өндірушілер қамти алатын бос салалар. Отандық тауар өндірушілер қызметі мен мүмкіндіктеріне жүргізілген талдау нәтижесінде қазіргі таңда кәсіпорындарымыз 52%-ға жүктелгені анықталды. Толық қуаттылыққа шығу үшін қаржы көздерінің қолжетімсіздігі, шикізат тапшылығы мен өнімді өткізу мәселесі кедергі. Қажет көлемде импортты алмастыра алатын тауарларды шығару үшін осы үш негізгі мәселені шешу керек», – деді Шымкент қаласы ӨКП директоры Асқар Әбубәкіров.

Бәсекеге қабілетсіздіктің себептері

 ӨКП сарапшылары отандық тауардың бәсекеге қабілтесіздігінің басты себептерін анықтады. Атап айтқанда, Өзбекстаннан келетін тауардың арзандығы және осы мемлекетке экспортты ұлғайту мүмкін болмай тұрғаны кедергі.

«Соңғы уақытта Шымкент нарығына көрші Өзбекстаннан арзан өнім легі ағылды. Алкогольді емес және алкогольді сусындар, кілем және текстиль өнімдері, тез бұзылатын шөп-шалаң – Шымкент пен Түркістан облысы нарығын толтырған тауардың бір парасы ғана. Бұл тауар түрлері жергілікті өніміді ығыстырып келеді.  Осы ретте отандық өніміміз Өзбекстан нарығына түсіп, ондағы өніммен бәсекелесе алмайды. Себебі – теңгерімсіз бәсеке: қазақстандық тауарға өзбек тарапы салықтық ауыртпалық түрінде кедергі жасалады, ал Қазақстанға келетін өзбек тауарына акциздік салық мүлде салынбайды», – деді Шымкент қаласы ӨКП директоры.

 Оның айтуынша, Өзбекстан үкіметінің өз өндірушілерін қолдауы Қазақстанға кедергісіз экспорт жасауға мүмкіндік беруде. Демек, қорытынды біреу: отандық тауар өндірушіні қорғау керек! Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Өзбекстанға экспорттау кезінде тура сондай тауарларға қарымта акциздерді енгізу қажет және бірінші қажеттіліктегі тауарларды шығаратын тауар өндірушілердің коммуналдық қызметке шығындарының бір бөлігін субсидиялау қажеттігі туғанын алға тартуда. Мұндай дәйектер жоғары мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында ҰКП-ның орталық аппаратына жіберілді.

 Бизнесті қорғау

 Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы екі ай бұрын ғана құрылды (әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күні 2018 жыл 16 қазан). Оның алдында жұмыс істеген ОҚО кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы болып қайта құрылды да Түркістан қаласына ауысты.

 Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеті – тура сондай: кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың қауымдастықтарының мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылы.

Екі ай ішінде ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімі 93 өтінімді қарап, оның жартысы кәсіпкерлер пайдасына шешілген.

Жалпы 2013-2014 жылдарда өтінімдер ішінде жер қатынастары басым болды, олар жалпы көлемнің 45%-ды құрады, 10-12% – салық салу, 5-6% – заңсыз тексерулерге тиесілі. Қазіргі таңда жер қатынастары бойынша өтінімдер саны 25%-ға төмендетілді. Салықтық және кедендік әкімшіліктендіру 8%-ға төмендетілді. Бұл төмендеу бірлескен байланыс топтары түрінде, кәсіпкерлік өкілдер мен қауымдастықтар консультативтік-кеңесші және алқалық органдарға қатысу форматында болған ӨКП-ның жергілікті атқарушы органдарымен және  территориялық мемлекеттік органдарымен жұмысының нәтижесінде орын алды.  Қазіргі таңда қалаға республикалық маңыздағы қала мәртбесі берілгендіктен Шымкент қаласы әкімдігі басқа да территориялық мемлекеттік органдар құрылымы өзгеруде, бұл бағыттағы жұмыс жаңарып жатыр.   

  «Диалогтік және байланыс топтары шеңберінде жергілікті атқарушы органдар және мемлекеттік органдармен жұмыс істейміз. Сонымен қатар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалы сынды табиғи монополиялар субъектілерімен ынтымақтастық жолға қойылған. Нәтижесінде кәсіпкерлердің өтінімдері WhatsApp топтары арқылы келіссөздер, жеке жиындар арқылы жылдам шешілуде», – ӨКП директорының орынбасары Қайрат Акенов.

 Екі ай ішінде Палата жергілікті атқарушы органдардың 8 нормативтік-құқықтық актісіне сараптама жасап, үшеуін қайта қарауға жіберді. Өңірлік деңгейде Бизнестің мәселелері өңірлік тізілімі жүргізіліп жатыр, қазіргі таңда 8 өңірлік мәселе анықталған.

 Жергілікті брендтерді насихаттау

 Экспортпен айналысқысы келетін бастауыш кәсіпкерлер үшін Палата «Өңірімізде өнім экспорты бойынша нұсқаулық» жасалды. Жергілікті брендтерді алға жылжыту мақсатында «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» байқауларында кәсіпорындарға толық сүйемелдеу көрсетілді, аталған байқауларда 4 жергілікті компания жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда ӨКП экспортқа шығу, өткізу нарықтарын кеңейту, мемлекеттік қолдау шараларды қолдану және жүйелі мәселелерді шешу бойынша нүктелі жұмыс жүргізілуде.

 ҰКП жаңашылдықтары

 «Атамекен» ҰКП өткен жылы енгізген жаңашылдықтардың бірі деп ӨКП басшысы – іске қосылған Atameken Services электронды қызмет көрсетудің «бір терезе» жобасын атап өтті. Сервис қаржылай емес қолдауды қарастырады. Енді кәсіпкерлер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған қызметтерге мобильді телефон, планшет немесе компьютер арқылы қашықтықтан тапсырыс бере алады. Бухгалтерлік қызмет, салық заңнамасындағы өзгерістермен танысу, заңгерлік сұрақтар бойынша консультациялар, бизнес-жоспар құру қызметі, маркетинг және басқа да қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады. Мобильді байланыс немесе Интернет болмаса, Палата бөлімдерінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жұмыс істейді.

 2019 жылға жоспарлар

 2019 жылы Кәсіпкерлер палатасы негізгі басымдықты микро кәсіпкерлік субъектілеріне беріп, импортты алмастыруға белсенді кіріспек. Жыл басында Палата кәсіпкерлік белсенділікті, бос салаларды анықтау мақсатында скрининг жүргізеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер