«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының көшбасшылары анықталды

2018 жылғы 27 Желтоқсан
10386 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламалары рейтингісінің үшінші кезеңінің қорытындысын шығарды.

Үшінші кезеңде 535 білім беру бағдарламасына баға беріліп, 1632 сарапшыдан 198 қорытынды алынды. Осы жылы, рейтингте ЖОО ұсынған материалдар бойынша 92 мамандық қамтылды, 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасы бағаланды, ҚР-ның барлық өңірлерінен 700-ден астам сарапшы тартылды.

Рейтинг нәтижелерімен «Атамекен» ҰКП сайтында танысуға болады.

«Бағалаудың ең басты өлшемдерінің бірі жұмысқа орналасудың пайыздық өлшемі, сондай - ақ еңбек ақының орташа деңгейі, осы критерий жоғары оқу орындарының бітірушілеріне еңбек нарығындағы көрсеткіш іспеттес», - деп атап өтті орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Ұлттық палата жүргізген жоғары білім беру нарығын зерттеу барысында кейбір жоғары оқу орындарының бағдарламалары пысықтауды қажет етеді немесе ескірген, әсіресе бұл техникалық мамандықтарға қатысты.  

«Жоғары оқу орындарының 8800 түлегі арасында сауалнама жүргізілді. Біз барлық жоғары оқу орындары мен барлық мамандықтарды қамтдық. Рейтинг барысында түлектердің 35,4% - ы өз мамандығы бойынша емес, ал түлектердің 40% - ы бір жыл ішінде жұмысқа орналаспағаны анықталды», - деді  Олжас Ордабаев.

Сауалнама нәтижесі көбінесе мына бағыттар бойынша түлектер алған мамандықтарына сай жұмыс істемейді:

- әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес 40,24%,

- техникалық ғылымдар мен технологиялар 41,97%,

- құқық 43,73%,

- қызмет көрсету саласы 43,42%,

- ауыл шаруашылығы ғылымдары 51,06%.

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы деректерін талдау көрсеткендей, орташа еңбекақы деңгейі мынадай:

- әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес 114721 тг.,

- техникалық ғылымдар және технологиялар 149963 тг.,

- құқық 89434 тг.,

- қызмет көрсету саласы 98180 тг.,

- ауыл шаруашылығы ғылымдары 77045 теңге.

Өткізілген рейтинг барысында түлектердің 35,4%-ы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаспаған, 430 оқу бағдарламасы аккредитациядан өтпеген, шетелдік аккредитациядан өткен тек 31 оқу орны ғана бар. Түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 50%-дан төмен 68 ЖОО тіркелген.  92 мамандық бойынша жұмысқа орналастырудың орташа пайызы 67,4%, ал ең төменгі деңгей «Кеден ісі» мамандығы бойынша 41% тіркелген. Сонымен қатар, зерттеу көптеген студенттер мен педагогтарды Болон жүйесі талаптарында көрсетілгендей қалай таңдау мүмкіндігі жоқ екенін көрсетті.

«Талап бойынша пәндердің қысқаша сипаттамасы, мақсат-міндеттері мен құзыреттері нақты көрсетілуі керек. Олардың арасындағы мағыналық тұтастықтың негіз құрап жатуы да – басты шарттардың бірі, бірақ көп бағдарламадан ол талаптардың толыққанды орындалмағаны байқалды. Оқу бағдарламаларындағы тақырыптардың жүйелілік жағы байыпты түрде қайта тексеріп түзетуді, толықтырып, жаңғырта дамытуды қажет етеді. Заман ағымына, ғылыми жетістіктерге орайластық назардан тыс қалған. СӨЖ, СОӨЖ тақырыптарының дәріс, семинар тақырыптарымен арадағы үдемелі сабақтастығы мен логикалық дамытушылық сипатына көңіл бөлінбеген. Бағдарламалардағы тақырыптар бұрынғы дәстүрлі арнасында қалып қойған, жаңашылдығы төмен»,- деді сарапшы, ф.ғ.к, доцент Бекзат Бегалы. 

Қазіргі уақытта лингвистика тілдің жалпы құрылымын зерттейтін ғылымнан адам ойлауы мен танымына байланысты қарастыратын гуманизацияланған ғылымға айналған. Осыған байланысты жаңа бағыттағы тіл білімінің салалары мен антропоөзектік парадигмалар тұрғысынан оқытылатын пәндерді қосу керек. Атап айтқанда, Когнитивтік лингвистика, Этнолингвистика, Әлеуметтік лингвистика, Прагмалингвистка, Паралингвистика, Психолингвистика, Нейролингвистика, Лингвомәдениеттану, Бизнес-лингвистика, Дискурсология, Лингвомәдениеттану т.б. пәндер қосылса, қазіргі заман талабына жауап беретін мамандар әзірленетін еді, деген ойды айтады сарапшы. 

«Көшбасшы университеттер туралы айтар болсақ, Нархоз, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Рудный индустриялық институты, Алматы менеджмент университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты түлектері өздерін сенімді сезінеді»,-деді О.Ордабаев.

Сондай-ақ, рейтинг: Маңғыстау гуманитарлық техникалық университеті, Орталық Азия университеті, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Астана Университеті, «Болашақ» университеттерінің кейін  қалып келе жатқанын көрсетеді.

Зерттеу қорытындысын шығара отырып, білім беру бағдарламаларын жаңарту, сондай-ақ жоғары оқу орындарының жұмысқа орналастыруға бағыттылығын ескере отырып, жұмыс берушілердің болжамына сай Рейтинг жыл сайын өткізіледі. Рейтинг нәтижелері мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру процесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің басқару шараларын қабылдауда пайдаланылатын болады.

Білім беру бағдарламалары рейтингісінің барлық кезеңдерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер