«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» білім беру бағдарламаларының өзектілігін бағалауға шақырады

2018 жылғы 06 Маусым
4848 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге білім беру бағдарламаларының рейтингі жасайды

Жұмыс берушілерде жоғары оқу орындарында берілетін білімнің маңыздылығын бағалауға, жаңарту үшін өз ұсыныстарын айтуға мүмкіндік туды.

2017 жылдың соңы өзгеріске толы болды. «Атамекен» ҚР ҰКП пилоттық зерттеуді таныстырды. Бұл бастаманы ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдады. 2018 жылы осы жұмыс жалғасын таппақ.

Осыған орай «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызығушылық танытқан кандидаттарды сала бойынша білім беру жобаларын бағалауға шақырады.

Келесі пәндер бойынша сарапшылар қажет:

  •  «Автоматтандыру және Басқару»
  • «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы»
  • «Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдардың технологиясы»
  • «Құрылыс»
  • «Тау-кен ісі»
  • «Менеджмент»
  • «Қаржы»
  • «Маркетинг»

Қатысу үшін қысқа түйіндемені expert@atameken.pro электронды адресіне немесе мына сілтеме https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeA4eRbBF9yA8vWVxxENHMXao-3rbDTN_niNt3YOm49R-O7rA/viewform бойынша жолдау керек.

Анықтама үшін телефон нөмірлері: 8 (7172) 91 93 27, 8 707 354 05 78

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер