«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» Алматы қаласындағы энергетикалық компанияға қолдау көрсетті

2018 жылғы 21 Желтоқсан
- Алматы қаласы
6785 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы БАҚ өкілдеріне «Технокнт» ЖШС-на пресс-тур ұйымдастырды

 «Техноконт» ЖШС – 2015 жылы құрылған алматылық компания. Электр энергиясына арналған (трнасофрматор, автоматты сөндіргіштер, орта-, төмен- және жоғары вольтті жабдықтар) жабдық өндірісіне маманданған, құрылысқа жоғары вольтты желілерді, электр желісін басқару жүйелерін құруға, энергияны үнемдеуге және өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған өнімдерді шығарады.

 Өндіруші компаниялардың жеткізілім тізбегін мінсіз ұйымдастыру, сонымен қатар жеке өндірісті жеткізіп отыру компанияға клиенттерге технологиялық шешімдермен, түрлі кеңейту жобалары үшін жабдықтарды, қолданыстағы тораптарды және жаңартуға арналған кешенді тәсілді ұсынуға мүмкіндік береді. Мамандар тапсырыс берушілерге жобаны бастаудан жұмысты іске қосуға дейін қолдау көрсетіп, инжиниринг пен жобалауда, жеткізу, жабдықты қосуға көмектеседі.

 Кәсіпорын электротехникалық өнімдерді өндірудегі, автоматтандыру жүйелерінің әлемдік көшбасшысы – Швейцарияның «ABB» компаниясымен көп жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Компания клиенттері арасында газ және мұнай өндіру саласы, металлургия, теміржол көлігі саласындағы кәсіпорындар бар. Жақын арада «Техноконт» ЖШС сыртқы нарыққа шықты, Өзбекстан мен Қырғызстанда өнімге сұраныс бар.

Отандық топтамалы тарату құрылғылары 80-жылдары әзірленген конструкциялар қолданылады, мысалы КМ1 (КМ1Ф және КМВ модификациялары), К-104, К-63. Аталған конструкцияларды модификациялау бойынша жұмыстар соңғы 25 жыл ішінде бейімдеу, төменгі майлы ажыратқыштарды вакуумдық және электрлік, әр түрлі типтегі газ ажыратқыштарымен ауыстыру, сонымен қатар соңғы жылдары пайда болған релелік қорғаныс және автоматтандыру үшін TT, TN, TCH, электронды және микропроцессорлық құрылғыларды орнату саласында жүргізілді. Unisafe және Unisec сериялардағы шкафтар өндірісі бұл жүйені жаңа сапалы деңгейге шығарады: ескірген жабдықты заманауи жоғары сапалы құрылғыға өзгертуге жол ашады.

 «Заманауи технологияларды игеру арқылы кәсіпорын электр энергиясының тапшылығын шешуге көмектесіп, тұрғындарды жұмыс орындармен қаптып, қала экономикасы дамуына айтарлықтай үлес қосады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бұл жобаға сүйемелдеу жүргізуде: өндірісті Алматы индустриялық аймағы немесе «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында орналастыру көзделген. Бұл аймақтар ең қойлайлы, өйткені аталған өңірдің инфрақұрылымы осындай өндіріс кезінде қажет етілетін талаптарға сай. Сонымен қатар біз әлеуетті инвесторлармен компания келіссөздерінің бірнеше кезеңін ұйымдастырамыз. Келесі аптада Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында «Техноконт» ЖШС өкілдері Түркияның ірі инвесторымен кездеседі», – деді ӨКП директоры Бағдат Телебай.

 Ақпарат үшін: Қазақстанның барлық электр станциялардың бекітілген жиынтық қуаттылығы 20 мың МВт-ны, нақты қуаттылығы – 15 мың МВт-ны құрайды. Қазақстан жылына 91,9 млрд/сағ электр энергияны өндіреді (Ресейде 1045 млрд КВтсағ, АҚШ – 4058 млрд КВтсағ, Қытай –  5320 млрд КВтсағ), яғни Қазақстанның электрқарулануы жылына 4,0 МВтсағ/адам құрайды, ал Ресейде – 6,7; АҚШ-та – 14; ҚХР-да – 3,5. Өкінішке қарай, электр станциялардың көбі белгіленген қуаттылық деңгейіне жете алмай жатыр. 2012 жылы Қазақстан 1991 жылы болған шығарылым деңгейіне жеткен (87,4 млрд КВтсағ) болатын.

 Қазақстанда электр энергиясының 72%-ы көмірден, 12,3%-ы гидро ресурстардан, 10,6%-ы – газ, 4,9%-ы – мұнайдан өндіріледі. Осылайша, электро стнациялар төрт негізгі энергия көзі арқылы энергия өндіруі – 99,8%-ды,  ал балама көздер небәрі – 0,2%-ды құрайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер