«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астық тасымалдау - маңызды науқан

2018 жылғы 04 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
11368 просмотров

Шымкентте теміржолшылар мен бизнесмендер табысты экспорт мәселесін талқылады

Облыстық Кәсіпкерлер палатасында «Қазақстан темір жолы – жүк тасымалы» АҚ, «Астық Транс» АҚ басшылығының астық және ұн тасмалдау саласында жұмыс жасайтын облыс және Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесуі өтті.

Бұл кездесу астық тасымалдау маусымына дайындық аясында және астық пен ұнды тасымалдау кезінде проблемалық мәселелерді шешу мақсатында өткізілді. Кездесу барысында табысты экспорт үшін тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының келісімділігі мен әрекеттестігі қажет екендігі атап өтілді.  «ҚТЖ – Жүк тасмалы» АҚ директорының орынбасары Мұхтар Жамбылов  Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында астық жинау барысы туралы ақпаратты баяндады. Жамбыл (95,2%) және Түркістан аудандары (95,6%) бойынша егін жинаудың аяқталуына байланысты астықтың салыстырмалы қорытындысын – өңірлерді сәйкес өнімділігі  21ц/га құрады. 3 сыныпты бидайдың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 13 мың теңгеге артты және 48-49 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, Мұхтар Жамбылов Қазақстан  бидай нарығындағы ең маңызды ойыншылардың бірі және әлемдегі 15 ірі өндірушілердің және астық пен ұнның он ірі экспорттаушыларының қатарында екендігін атап өтті. Бұған қоса, ол орта және алыс шетелдерге тасымалдау үшін жеңілдікті тарифтік жағдайларды қарау тұрғысынан агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған алдағы жобалар мен жоспарлар туралы ақпаратпен бөлісті.  Бүгінгі күні Ауғанстан мен Иранда астық пен ұнға арналған тарифтік жағдай жасалған. Бұдан басқа, «Узбекистон Темир йуллари» Мемлекеттік теміржол акционерлік компаниясымен тауарларды Ауғанстанға тасымалдау кезінде қолданыстағы қосымша шығындарды жою туралы және бірқатар басқа жобалар мен жоспарлар туралы келісім де бар.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров астықты және ұнды тасымалдау кезінде астық машиналары мен жабық вагондардың жетіспеушілігінен тез арада араласу қажеттілігі болатынын атап өтті. Қазақстан темір жолы мен кәсіпкерлер арасында туындайтын проблемаларды жылдам шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кіріс органдарының, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ »АҚ құрылымдық бөлімшелерінің және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жұмыс топтары құрылған. 

Бұған қоса, кәсіпкерлерден басқа, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ, «Астық Транс» АҚ және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен бірыңғай WhatsApp-чаты құрылды. Бұл өзара ынтымақтастық оң нәтиже берді. Палата директоры бұл бағытта жұмысты күшейтуді ұсынды.

«Қазақстан темір жолы» – Жүк тасымалы» АҚ және «Астық Транс» АҚ басшылығының ақпараттық статистикасын тыңдағаннан кейін, жиналыс сұрақ-жауап форматында, бар мәселелерді талқылау бойынша өткізілді.

Жалпы, кездесудің қорытындысы бойынша бірыңғай келісімге келді:

- демалыс күндері элеваторлардың жоғарғы тарифтері мәселесі бойынша Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы бизнес-қауымдастықпен тұрақты жұмыс кездесулерінде осы мәселені көтеру туралы шешім қабылданды;

- Астық маусымында, егін жинау және тасымалдау кезеңінде вагондардың кешігуіне жол бермеу үшін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалы - «ЖТ Шымкенттегі филиалы» және облыстың Кәсіпкерлер палатасына осы мәселені жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кірістер органдары және өзге де бақылау-қадағалау міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар деңгейінде бірлесе жұмыс жасау ұсынылды. Демалыс және мереке күндері жүктерді жүктеу және түсіру кезінде осы өзара әрекеттестікті күшейту;

- «Мукомолы» WhatsApp-чатының тиімділігіне байланысты осы режимде жұмыс істеу және өзара әрекеттесуді жалғастыру, сонымен қатар,  «ҚТЖ» ҰК»АҚ,« ҚТЖ–Жүк тасымалы»АҚ, «Астық Транс» АҚ, «ҚТЖ – Экспресс» АҚ жауапты басшылары мен ірі станциялардың басшыларын осы чатқа қосу;

- вагондардың станцаларда дөңгелекті қоймалар ретінде тұрып қалуын болдырмас үшін, жүк жөнелтушілерге барынша түпкілікті өнім алуышлармен (астық және ұн) вагондардың шұғыл қайтарылуына қатысты келіссөздер жүргізуге ұсыныс жасау. Жасалған шарттарда «Жіберілетін станцаларға вагондарды жедел жөнелту» пунктін қарастыру қажет.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер