«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

МЖӘ жобаларын жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірлеу ұсынылмақ

2018 жылғы 10 Сәуір
5098 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында хабарлады.

 Бизнес-қоғамдастық және мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүзеге асыру процедураларын  оңтайландыру мен қысқарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда МЖӘ жобаларын мақұлдау мен сараптама жасау мерзімі қысқартылды, ұзақмерзімді мемлекеттік тапсырыс берілді, МЖӘ жобалары тұжырымдамасын әзірлеу бизнес-жоспармен алмастырылды, сонымен қатар МЖӘ (бағдарламалық МЖӘ) жоспарлауда жаңа тәсіл енгізілді. Нәтижесінде бизнес тарапынан МЖӘ жобаларына деген қызығушылық арта түсті. 2018 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс, сонымен қатар МЖӘ жобаларын мониторингілеу жалғасын тапты.

 «Көп өңірлер қазынашылықта тіркеумен ұзақмерзімді шарттар тәжірибесін қолданып жатыр. Кәсіпкерлерде ертеңгі күнге және қаржы ағымдарын жоспарлауда сенім пайда болды»,– деп атап өтті Юлия Якупбаева.

 ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі жетіліп келеді, МЖФ жобалары бойынша сұрақтар пайда болды.

 Біріншісі – қаржыландыру.

«ҚР Ұлттық банкі, министрліктер, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы және екінші деңгейлі банкетермен бірлесіп өзгертулер әзірленді. Енді екінші деңгейлі банктер кепілдік ретінде МЖӘ шарттары бойынша қаржы түсімдерін алу мүмкіндігі туды. Осы ретте банк және инвесторлар тәуекелдері ескеріледі. Үкімет және депутаттар корпусы тарапынан қолдау болса, 1 шілдеге дейін МЖӘ жобаларын қаржыландыру мәселесі шешім табады», – деп хабарлады Юлия Якупбаева.  

 Екнішісі – сараптамын алу мен мақұлдау. МЖӘ жобаларын мақұлдау процедурасы оңтайландырып, тұжырымдама бизнес-жоспармен алмастырылды. Алайда осы өзгерістерге дейін қарастырылып, мақұлданған жобалар бойынша мәселелер туған. Егер, жобалар сараптамадан оң шешім алуға үлгермеген болса, онда олар барлық кезеңдерден қайта өтулері қажет болады. «Атамекен» мемлекеттік органдардың мақұлдауынан өткен жобаларға аталған практиканы қолданбауды ұсынады.  

 Үшіншісі – статистка және жергілікті атқарушы органдардың лимиті. ҚР Ұлттық экономика минситрлігінің деректері бойынша өңірлердегі МЖӘ жобалардың (887) жалпы сомасы 1 трлн теңгені құрады және бұл сома өсіп келеді.

 «Жекелеген жергілікті атқарушы органдар аталған лимиттерді МЖӘ жобаларына қосады, дегенмен лимиттердің МЖӘ жобаларына түк қатысы жоқ. Мәселен, сенімді басқармаға мүліктік кешендерді немесе ғимараттың күрделі жөндеуін пайдаланусыз, жиһаз сатып алу және т.б. беру тәжірибесі бар. Бұл әрекет МЖӘ бойынша мемлекеттік жауапкершілікті өз мойнына алу лимитін өсіруге әкеп соғады. Кәсіпкерлер жергілікті атқарушы органдар артқан жауапкершілікті орындай алмай қалу қаупі туады», – деді Юлия Якупбаева.

 «Атамекен» ҚР ҰКП МЖӘ жобаларын жоспарлаудағы бірыңғай тәсілдерді өңірлік картаның басымдықтарына, инфрақұрылымды дамытудың ортақ ұзақ мерзімді жоспарларына және басқа да саяси құжаттарға сәйкес әзірлеуді және ұзақмерзімді ынтымақтастықсыз МЖӘ жобаларының жалпы статистикасын қосу мүмкіндігін жоққа шығаруды ұсынады.

 Айта кетелік, Ұлттық палата жанынан МЖӘ жобаларын мониторингілеу кеңесі құрылған. Оған барлық мүдделі тараптар – Парламент және Маслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары директорларының орынбасарлары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, сарапшылар, уәкілетті органдар, 16 өңірдегі ҰКП-ның Өңірлік кеңестері басшылары қатысуға ниет білдірді.

 Бірінші жиын «Атамекен» алаңында 11 сәуір күні өтеді.

«Нарықтан түсетін мәселелерді МЖӘ мәселелері тізіліміне енгізуді жоспарлап отырмыз. Тізілім МЖӘ жобаларын мониторингілеу кеңесінің негізгі өнімі болмақ. Аталған тізілім негізінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі және басқа да мүдделі тараптармен қоса МЖӘ жобаларын жүзеге асыру Жол картасын әзірлеуді ұсынамыз», – деді Юлия Якупбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер