«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан тауарларын супермаркет сөрелеріне шығару қиын

2018 жылғы 04 Сәуір
4464 просмотров

Өнімді өткізу, айналым қаражаты мен шикізат жетіспеушілігі – отандық компанияларда туындайтын негізгі мәселелер

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Сауда комитетінің 2018 жылы алғаш рет өткізген отырысында айтылды. Жиын Қайрат Мәжібаевтың төрағалығымен өтті, оған бейне байланыс арқылы өңірдегі кәсіпкерлер де қатысты.

«Новый запад» компаниясының өкілі өткізу мәселесіне қатысты шағым айтты. Ондаған жылдан бері фирма ыдыс жуатын ысқыш, майлық, қоқыс қапшығы мен бір реттік қолданатын ыдыс шығарумен айналысады. Өнімді базарға және шағын көтерме дүкендер желісі арқылы өткізеді. Кәсіпкер ірі супермаркеттерге шығара алмай келеді.

«Ірі дистрибютерлік компаниялар танымал брендтермен жұмыс істейді, ал бізбен жұмыс істеуге құлықсыз. Сауда желілері сөрені оларға сатады, бізде оны сатып алатындай және бәсекеге түсетіндей мүмкіндік жоқ, сондықтан бренд те жоқ. Басшысын жеке танығаннан кейін әзірге екі сауда орнына шықтық. Басқаларына ене алмаймыз. 1-2 аталымға ғана ұсыныс береді, ал біздегі тауар сұрыпталымы ауқымды. Бұл мәселені Үкімет арқылы шешуге мүмкіндік бар шығар, сауда желілері бұл мәселеде жәрдемдесетін шығар? Маркетинг үшін төлеуге дайынбыз, бірақ брендерді алып отырған ірі дистрибютерлермен бәсекелесе алмаймыз», ­- деп шағымданды кәсіпкер.

«Қазақстан Республикасы Сауда желісінің одағы» ЗТБ бұл мәселенің себебі сауатты маркетингтік стратегияның жоқтығынан орын алып отырғанына сенімді. Бірлестіктің атқарушы директоры кәсіпкерлерге ең алдымен өз брендін жасаумен және супермаркеттерге маркетингтік ұсыныс әзірлеумен айналысуға кеңес береді.

«Осындай тауарды халықаралық деңгейде өндірушілермен бәсекелесудің қажеті жоқ. Мұның пайдасы жоқ, бұл істейтін жұмыс емес. Өз жұмысын жақсылап істеу керек. Маркетингтік ұсыныссыз сауда желісіне ене алмайсыздар. Онда сөрені де сатып алудың қажеті жоқ. Касса аумағы мен  стеллажға қарағанда сөренің өзінде тауар аз сатылады. Ең бастысы мына уәжді түсінейік: неліктен қандай да бір тауар супермаркетке кіргізілмейді? Біз сіздерге тиісті көмек көрсету үшін және қандай жағдайда орналастыра алатындарыңызға кеңес беру үшін алдымен тікелей нақты жауабын алыңыздар», – деді Анрей Қалмыков.

«Новый запад» фирмасының жағдайы – жекелеген оқиғаның бірі. Паспорттау мәліметіне сәйкес өткізуге қатысты мәселені (шикізат және айналым қаражатының жетіспеушілігімен теңдей) тамақ, жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз мен құрылыс материалдарын өндіру саласындағы компаниялар да атады. Сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаев сатып алушылардың базардан сауда желілеріне ауысуы – міндетті түрде орын алатын процесс және логистика элементтерін қарай отырып, рұқсат беру мәселесін бірігіп шешу керектігін айтты. Бұған дейін отандық өндірушілерге қолдау көрсету мәселесі үкіметтік деңгейде бірнеше рет көтерілген.

«Бұл мәселені Үкіметпен бірлесіп талқыладық және негізгі тақырыптардың бірі – сауда кәсіпорындарында жергілікті қамту үлесін дамытудың нақты бағдарламасының болуы. Шамамен осындай жергілікті қамту бағдарламасы сияқты өндірушілерге де арналған болу керек. Яғни жергілікті өнімді неғұрлым көп сатсаң, соншалықты артықшылыққа ие боласың. Бұл өз кезегінде отандық өндірушілермен жұмыс істеуге ынталандыру құралы болады», – деп хабарлады Қайрат Мәжібаев.

Қазақстан Республикасы Сауда желісінің одағы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан қай сауда желілері, қандай негізде және қай компаниялардың тауарын қоюға келіспей отыр деген сауалдардың қамтитын толық ақпарат беруді сұрады. Бұл ұйым мәселенің оң шешілуіне көмектеседі. Тағы бір ұсыныс айтылды – ортақ дилог өткізу үшін Салалық қауымдастық комитетінің жұмысына қатыстыру мәселесін шешу.

Жиынды аяқтай келе, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Сауда комитетінің биылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер