«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстанда экспортты ілгерілету жөніндегі кеңес құру ұсынылды – Ұлттық палата

2022 жылғы 19 Қазан
6864 просмотров

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Өзбекстан Республикасымен екіжақты қатынастар мәселелерін талқылау үшін кәсіпкерлермен кездесті.

Серік Жұманғариннің айтуынша, бүгінде Қазақстанда экспортты ілгерілетумен бірқатар құрылым айналысып жатыр. Алайда бұл мәселелерге институционалдық тұрғыдан қарап, кәсіпкерлердің мәселелерін шешу қажет.

 «Экспортты ілгерілету жөніндегі кеңес құруды ұсынамын. Кеңес шеңберінде  мемлекеттік органдар проблематиканы түсіну және осы мәселелерді серіктес елдердің әріптестерімен одан әрі шешу үшін тұрақты негізде бизнеспен кеңесетін болады», – деді Серік Жұманғарин.

Спикер қазіргі кезде қазақстандық экспортты қорғау үшін қажетті әкімшілік мүмкіндіктер әзірленіп жатқанын айтты. Бұл шаралар отандық кәсіпкерлер тап болып жатқан кедергілерді азайту үшін қолға алынған:

«Қазір Пәкістанмен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осы елге экспорт төмен екенін байқап отырмыз. Сұралған көлем жоғары, бірақ жеткізуге қатысты қиындықтар бар».  

 Сонымен қатар экспорт тұрғыдан тартымды елдер қатарында Иран, Үндістан, Әзербайжан, Түрікменстан, Өбекстан бар.

«Біз нарық мүддесі мен дәйектерімізді бірінші орынға қойылғанына қуаныштымыз. Нақты салалар мен елдер бойынша ең маңызды мәселелерді анықтау қажет деп санаймыз. Олар әр түрлі болуы мүмкін, сондай-ақ өзекті түйткілдерді жинау қажет. Мысалы, күзде белгілі бір өнімге сұраныстың артуы орын алады», – деп ұсынды «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Соңғы жылдары Қазақстанда ұн экспортының төмендеуі байқалады. Ресми деректер бойынша, ұн экспорты 2012 жылғы 1,2 млн тоннадан 2021 жылы 372,9 мың тоннаға дейін яғни 3,3 есе төмендеді,. Бұл ретте бидай дәнінің экспорты осы кезеңде 658 мың тоннадан 2,7 млн тоннаға дейін – 4,2 есе өсті.

  «Біз ұн өндірушілерге қолдау көрсетпедік. Өзбектер ұн тарту кәсіпорындарын көбейтіп, біздің шикізатты қолданып, ұн тартады, бұрын біздің өнім болған нарықтарға сатып жатыр», – деді спикер.

 Бірінші кездесуде кәсіпкерлер Өзбекстанмен сауда-саттықта орын алатын мәселелерді айтты. Атап айтқанда, алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің сараланған мөлшерлемелерін сақтау, ұн экспорттаушылар үшін тең емес жағдайлар, бірқатар өнімдерге қатысты транзиттік экспорттық рұқсатты келісудің ұзартылған мерзімдері.

 «Қазақстанның картоп өсірушілер мен көкөніс өсірушілер одағы» ЗТБ төрағасы Қайырат Бисетаев кездесу барысында картопты экспорттау мәселесін көтерді. Оның айтуынша, экспорт 70 млн тоннаны құрайды, алайда ресми статистикада тек 20 млн тонна ғана көрсетілген.

«Бізде трейдерлер мен логист мамандар жоқ. Соның салдары қара айналымның үдеуіне әкелді. Біз Қазақстанда Өзбекстан Республикасынан ресми трейдердің болу мүмкіндігін талқылауды сұраймыз», – деді кәсіпкер.

тағы бір мәселе – субөнімдер (малдың өкпе-бауыры, тілі, миы, жүрегі мен желіні және т.б.) экспортына салынған тыйым. KustoAgro бас директоры Азамат Орынбаев өзбек әріптестері бұл өнімге мұқтаж екенін, алайда қазақстандық өндірушілерде көршілер тарапынан осы өнімді экспорттауға тыйым салынғанын айтты.

«Атамекен» ҰКП Мемлекеттік органдардың өкілдерімен әрі қарай жұмыс істеу және екіжақты кездесулер өткізу үшін кәсіпкерлерден түйткілді мәселелерді жинауды жалғастырады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер