«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Егін егу науқаны: аграрийлер мен мұнай-газ саласы ұтымды шешім іздеуде

2018 жылғы 16 Ақпан
10643 просмотров

«Атамекенде» 2018 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге байланысты дизель отынының нарықтағы бағасы талқыланды

Жиын «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың жетекшілігімен өтті. Іс-шараға ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі Болат Ақшолақов, ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев, аграрлық сала өкілдері, «Kazenergy» қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдері және өңірлерден бизнес өкілдері отырысқа видео-конференц байланыс арқылы қатысты.

 

Жиынды ашып, Елдос Рамазанов к.н тәртібіндегі өзекті мәселені айтты:

«Көктемгі дала жұмыстары науқанында шаруалар мен диқандарды дизель жанармайымен құамтамасыз ету маңызды.«Осы алаңда мәселені қарастырып,  ауыл шаруашылық және мұнай-газ саласының нақты ұсыныстарын тыңдауды ұсынамын», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Болат Ақшолақовтың айтуынша биылғы жылы өңірлердегі егістіктердің ауқымына қарай  375 мың тонна дизельдік отын қажет. Ауыл шаруашылығ өндірушілеріне қарастырылған зауыт шығарушылар деңгейіндегі баға – литріне 132 теңгені құрайды, ал көліктік шығындарды қоса есептегенде дизель бағасы литрине 135 пен 148 теңге аралығында болмақ. Осы ретте жеке тұлғалар жанармай бекеттерінен дизельді 160-161 теңгеге сатып алады.

Талқылау барысында шаруалардың пікірі екі бөлінді. Мәселен,  Солтүстік Қазақстан облысы фермерлері дизельді литріне 140 теңгеге сатып алуға дайын болса, Алматы, Қостанай, ОҚО және Ақмола облыстары бағаның өздеріне лайықты 115-120 теңге көлеміндегі шектік мәнін атады.

 Сонымен қатар шаруаларға баға айырмашылығын субсидиялау мақсатында бұл сұрақты Үкімет деңгейінде көтеру және дизельді импорттап немесе алып сататындарға, яғни жанармайды нысаналы пайдаланбайтындарға қатаң жаза қолдану бойынша заңнамалық реформаларды қолдану бойынша ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, үш айға созылатын егін егі науқанында дизельдің бағасы бір деңгейде белгіленіп, теміржол цистерналары толық жүктелуі сынды өтініштер де аталды.

«Үш мәленені қарастыруды ұсынамын – Жанармай шығындары, еңбекақы мен тыңайтқыштар. Тыңайтқыштар ішінара субсидияланады. Еңбекақы бойынша әлеуметтік институтар арқылы шағын болса да дотация аламыз, ал жанар-жағармайға келгенде нарықтық жағдай орын алады.  Бізге жанармайды субсидиялауы үшін, шамамен 14 млрд теңге керек.  Субсидияны бірден жүргізген жөн. Әр литр үшін 40 теңге алу керек», – деп ұсыныс жасады БҚО кәсіпкері.

 «KAZENERGY» атқарушы директоры Рүстем Қабжанов айтуынша мұнай-газ секторындағы баға шынайы шығындарға негізделген, және мұнай компнаиялары пайда көріп қалуды көздеп отырған жоқ.

 

 «Мұнай-газ секторының да шығындары бар, оның да салықтық және басқа да төлемдер бойынша жауапкершілігі бар.  2016 жылы ішкі нарықты жанармаймен өқамту мақсатында 50 шақты отандық компания шығынға батты, ал 2017 жылы 15 компания зардап шекті. Сонымен қатар экономиканың бір орында тұрмайтынын ескерген жөн», – деді «KAZENERGY» Бас директоры Әсет Мағауов.

 

 Өз кезегінде Арман Евниев өз ұсынысын айтты.

 «Ауыл шаруашылық министрлігі қазіргі таңда егістік пен жинау жерлері бойынша электрондық карта енгізу жүргізуде. Бұл шығындар мен жұмыстың орындалу мерзімін қысқартып, өнімділікті арттырады. Осы сынды жүйеніаталмыш мәселеде де қолдануды ұсынамын. Ғарыштан шынында қолданыстағы аумақтарды бақылап, жанар-жағармай материалдарының қажеттілігін есептеуді жүргізуге болады. Жағдайға шынайы қарап, алып-сатудың алдын алуға мүмкіндік туады», – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

 

Арман Евниевтің  ауыл шаурашылығындағы кәсіпкерлерге бірігіп, дизельді зауыттан тікелей сатып алу, ал бұл жұмыстың бірыңғай операторы болып Фермерлер одағы болса деген ұсынысын Әсет Мағауов қолдады.  

Елдос Рамазанов жиынды қорытындылай келе, бұл жүйелі мәселе екенін айтты, сондықтан тараптарға оңтайлы жол табу керек. Басқарма Төрағысының орынбасары жұмысты ары қарай жүргізу үшін «Атамекенге» нақыт ұсыныстар жасауды сұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер