«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Конституциялық экономика: бизнесті дамытуға ғылыми көзқарас

2024 жылғы 16 Қазан
- Алматы қаласы
3410 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Біздің еліміздің, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Украинаның, Арменияның, Қытайдың ең танымал заңгерлері, саясаттанушылары, әлеуметтанушылары мен экономистері Алматыдағы «Нархоз» Университетінің базасында өткен «Қазақстанның конституциялық экономикасы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда бас қосты.

Конституциялық экономика құқықтық нормалар мен институттардың экономикалық процестер мен қоғамның дамуына қалай әсер ететінін зерттейді. Мысалы, Қазақстан Конституциясының нормаларымен бекітілген меншік құқығы экономикада басты рөл атқарады. Бұл кәсіпкерлерге бизнесті құруға, жүйелі түрде кеңейтуге, ал инвесторларға өз салымдарынан пайда табуға мүмкіндік береді және олардың мүдделерін қорғайды. Зерттеулер көрсеткендей, күшті меншік құқығы бар елдер мұндай құқықтар қорғалмаған елдермен салыстырғанда жоғары өсу қарқынын көрсетеді.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ӨКП үшін бұл конференция университет пен ӨКП арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы Мемомандумды практикалық іске асырудың бір түрі болды. Конференцияға қатысушылар конституциялық экономиканың Қазақстандағы бизнестің дамуына және халықаралық бизнес-қауымдастыққа интеграциялануына әсері туралы пікірлерімен және пайымдауларымен бөлісті.

«ЕАЭО өзінің халықаралық қызметі шеңберінде сыртқы әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастықтың түрлі сценарийлерін іске асырады. Қазірдің өзінде БҰҰ-ның бейінді құрылымдарымен, ұйымның өзімен, БРИКС, ШЫҰ және басқалармен жетекші әлемдік, өңірлік бірлестіктермен өзара іс-қимыл жеке жүзеге асырылуда. Одақтың халықаралық қызметінің қалыптасқан инфрақұрылымы серіктестерге өзара іс-қимылдың ыңғайлы форматтарын таңдауға мүмкіндік береді. Біздің мемлекет басшылары комиссияның алдына интеграцияны, цифрландыруды, логистиканы одан әрі дамыту бойынша стратегиялық міндеттер қояды. Таяу болашақта біз басшылыққа алатын белгілі бір бағдарламалық құжаттар бар», - деп атап өтті конференция қонағы, Қазақстан Республикасынан ЕАЭО алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев.

Бизнес жұмыс істейтін құқықтық ортаны қалыптастыруда мемлекеттік институттар маңызды рөл атқарады. Меншік құқығын қорғаудың жоғары стандарттары бар елде жұмыс істейтін бизнес ұзақ мерзімді инвестицияларға және өндіріс көлемін ұлғайтуға назар аудара алады. Бұл сегментте Үкіметпен, әртүрлі қауымдастықтармен, мемлекеттік органдармен бизнестің келіссөздер күшін күшейту үшін құрылған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолданыстағы заңнаманың барлық нормалары бойынша конституциялық құқықтарды қорғауға да, бизнес құқықтарын қорғауға да бағытталған.

«Бастапқыда палатаны құру кезінде бизнес-қауымдастықты ұйымдастырудың континенталды моделі негізге алынғанын атап өткім келеді. Бұл модель Еуропа елдерінде, атап айтқанда, Франция, Германия және т.б. елдерде де жұмыс істейді. Міндетті мүшеліктің континентальды моделі қызметті реттейтін арнайы заңнама сияқты негізгі компоненттермен сипатталады. Біздің елімізде 11 жыл бұрын «Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Заң қабылданды, 2015 жылдың қазан айында Кәсіпкерлік кодекс қабылданды. Ал, біз қазір трансформацияны бастағанымыз маңызды рөлге ие: әр өңірде басым бағыттар бойынша салалық және өңірлік кеңестер құрылды, онда кәсіпкерлер бизнесті кеңейту және серіктестер іздеу мақсатында да, өз құқықтарын қорғау үшін де жүгіне алады», - деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Бүгінгі таңда Палатада 170 қауымдастық тіркелген. Олар бизнеспен және палатамен бірлесіп Салық кодексін қабылдау, бизнеске арналған қызметтер порталын қалыптастыру, соттарда кәсіпкерлік мүдделерін білдіру және т. б. сияқты маңызды бағыттарға қатысады.

Осылайша, конференцияға қатысушылар конституциялық экономика бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды бағыт болып табылады, - деген ортақ пікірге келді. Конституциялық нормалармен анықталған құқықтық орта бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер