«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Пәтер иелерінің кооперативі керек пе? Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа тиімді басқару қажет

2018 жылғы 08 Ақпан
9192 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінде айтылды

Комитет мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына кондоминиум объектісін басқарудың бірыңғай нысаны ретінде Меншік иелері бірлестігін енгізу орынды ма екенін талқылады.

«Атамекенге»  Меншік иелері бірлестігін енгізу бойынша меншік иелерінен де, басқарушы компнаияларынан да  түрлі ұсыныстар мен ұстанымдар келіп түседі. Бұл өтінімдерде қауымдыстық нормалары ҚР Конституциясына қайшы келіп, тұрғындар басқару формасын өздері таңдай алатын жерде меншік құқықығын жүзеге асыруға кедергі келтіреді делінген.

«Өкілетті орган әр үй басқармасын коммерциялық емес ұйым ретінде Меншік иелері бірлестігіне тіркелуді ұсынып отыр. Алайда мұндай ұйым бизнесті тартумен айналысады, демек жұмыс істеп тұрған Пәтер иелерінің кооперативінен түк айырмашылығы болмайды», – деді  «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитеті төрағасы Александр Белович.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың пікірнше  Пәтер иелері кооперативын  алмастырмақ Меншік иелері бірлестігі барлық мәселелерді шешпейді, алайда халықаралық тәжірибені қарастыру артық етпейді. Мәселен неміс тәжірибесі онда үйлерді нарықтың кәсіпқой қатысушылар басқарады. Осылайша бір шешімге келу керек.

Жиын барысында заңжобасына ұсынылған ескертпелер назар қалғаны айтылды.

«Біз заң жобасы әзірлеушілермен тұрақты түрде кездесіп ескертпелер мен ұсыныстарды жеткіземіз алайда олар ескерусіз қалып отыр. Бүгінгі күні көппәтерлі тұрғын үй қоры шамамен 78 мың көппәтерлі үйден тұрады, біздің үйрейіміз сол, өйткені жоба әзірлеуші әр үй бойынша еш баламасыз, императивтілің принципіне сүйене отырып,  Меншік иелері бірлестігін бөлек құруды ұсынып отыр. Болжамымызбойынша бұл кезең өте қиынға соғады, көп үйлер иесіз қалады», – деді «Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Ержан Исмагелов.

Өз кезегінде Қарағандыдағы «Шыңғыс» Пәтер иелерінің кооперативінің төрайымы  Сәуле Ахметова  да заң жобасында қарама-қайшы тұстар барын айтты.

«Үй иелері өздері таңдау жасауы керек, Меншік иелері бірлестігін құрғылары келе ме құрсын, бірақ Пәтер иелерінің кооперативтері де қалу керек. Ашықтық үшін барлығын онлайн режимге шығаруға болады. Біз өізіміз биллингті кқмпания қызметіне жүгінеміз, қолма-қол ақшамен жұмыс істемейміз. Есептілік формасы жетілдіруді қажет етеді, ол тым қасаң», – деді Сәуле Ахметова.

«Қазақстан құрылысшылар одағы» төрағасы Талғат Ерғалиев тұрғынның жеке жауапкершілігін енгізу қажеттілін атап өтті.

«Германия тәжірибесі бойынша оларда барлық меншік иелері, мүлік тізімі, әр иенің үлесі жазылған декаларция бар. Онда: «бұл мүлікті сату аталған декларацияға қол қоймай мүмкін емес» делінген. Қазақстанда кондонимум туралы келісім бар, осы құжатқа мүлік пен үй иелері туралы ақпарат пен талаптарды да қосу керек. Басқару мен сервис функцияларын біріктіру дұрыс емес деп ойлаймын. Есепьеу формасын жетілдіру керек деген оймен келісемін», – деді «Шаңырақ» тұрғын үй секторындағы қызмет көрсету және энергетикалық қызметтерді басқару субъектілерінің қауымдастығы төрағасы Сәкен Махамбетов.

 Бұл пікірді Комитет мүшелірінің көбі құптады – жаңа ұйымдардың қажеті шамалы, ал қолданыстағыны жетілдіру қажет процедура. Өйткені сұрақтардың легі кооператви қызметіне қатысты.

 Ары қарай жиында ҚР құрылыс нормаларын ҚР Әділет министрлігінде тіркеу қажеттігі орындылығы қаралды.

 Неге бұрын тіркеу болған жоқ, қазір болады?

«Ескі заңда мынадай норма болған: техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын актілер мемлекеттік тіркеуге жатпайтын. Құрылыс нормалар мен ережелер осыған ілінетін. Шын мәнінде факт бойынша атауы мен мазмұн әр түрлі келеді, Құрылыс нормалар мен ережелері деп аталады, алайда аталған нормаларды құрамайды. Енді мемлекеттік тіркеуге қажетті жалғыз критерий  құқық нормасының болуы, яғни құқық нормасы бар құқықтық-нормативтік актілер және басқа да актілер. Сондықтан біз оларды тіркейміз ұрылыс нормалар мен ережелері деп аталғаны үшін емес мзмұны үшін» – деп түсіндірді ҚР Әділет министрлігі НҚА департаменті директоры Майя Нұрғисаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер