«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ОҚО шаруалары шенеуніктердің немқұрайлығынан субсидияны толық ала алмады

2017 жылғы 22 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
4180 просмотров

 

Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау мәселесі Кеңес мүшелерінің наразылығын тудырды

Мәселені ОҚО кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңестің отырысында талқылады.

2015 жылы лизинг бойынша ауылшаруашылық техникасына ие болған «Жар» шаруа қожалығы биылғы жылы субсидиялау бағдарламасынан негізсіз шығарылды. Бұған себеп, өз уақытында субсидия қаражатын бөлмей,  шаруаларға несиелік берешекті қалыптастырған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы шенеунігінің арқасында. Шаруа қожалығы ОҚО-ның Ауыл шаруашылығы басқармасынан немесе «ҚазАгроҚаржы» АҚ-дан ОҚО-ның филиалынан аудару кешіктірілгені немесе толық сыйақы мөлшерін төлеу керектігі туралы хаттар немесе ескертулер алмаған. Қожалық өз тарапынан сыйақы мөлшерлемесін уақытылы өтеп отырды. Бұны лизинг беруші болып табылатын «Казагроқаржы»- да  растайды.

Сол сияқты, субсидия сомаларын уақтылы бермеуіне байланысты басқа шаруа қожалықтары да зардап шекті.  Субсидиялау тізімінен бір хаттама бойынша 8 бірдей кәсіпорын шығарылған, олар: «Жар», «Қыдырәлі», «Магамет», «Берікбол», «Өтеміс ата», «Смағұл», «Барлыбай», «Талғат».

«Субсидиялау бойынша комиссия отырысы төлемдерді кешіктірілу себептерін және бірқатар басқа да мән-жайларды түсіндірместен, «ҚазАгроҚаржы» пікірін ескермей, тіпті шақырылмаған қарыз алушылардың пікірін ескерусіз біржақты тәртіппен өткізілді», - деді Кәсіпкерлерді қорғау бөлімінің басшысы Сабира Адамбекова.

Субсидиялау саласындағы тағы бір ұқсас мәселе ОҚО Сайрам ауданында болған.

Жеке кәсіпкер Хасан Шарипов ауданы 1,951 гектар болатын жылыжай шаруашылығын ашқан болатын. Жылыжайдың төрттен бірі 2013 жылы, қалған үштен төрті - 2014 жылы пайдалануға берілді. 2017 жылғы 28 маусымда Сайрам ауданының ауыл шаруашылық басқармасына кәсіпкер, ақпараттарды негіздейтін барлық қажетті құжаттарды тапсырды.

Субсидиялау кестесіне сәйкес, 2013 және 2014 жылдары пайдалануға берілген жылыжайларға арналған субсидиялардың мөлшері 2017 жылы  40% және 60% құрайды, алайда Сайрам аудандық ауыл шаруашылық бөлімі кәсіпкерге төлену қажет 2 млн 677,5 мың теңгеден, тек 1 млн. 951 мың тг ғана төледі.

«Бұл жағдайда бөлім қызметкерлері субсидия мөлшерін есептеу кезінде қателектер  жіберді, яғни,  жылыжай пайдалануға берілген деп 2013 жылы 40% коэффициентпен есептеген, ал шын мәнінде 2014 жылы 1,951 гектардан 1,453 гектар жер нақты пайдалануға берілген,бұл жағдайда  субсидия 60% болуы тиіс еді », - деді Сабира Адамбекова.

Жергілікті атқарушы органының осы қателігіне байланысты кәсіпкер субсидиядан алуға тиіс 726 500 теңгені ала алмады. Қосымша сомаларды алу мақсатында жазылған өтініштерді ауыл шаруашылығын басқармасы елусіз қалдырған.

«Бұл мәселе бізге, кәсіпкер Палатаға келгеннен кейін ғана белгілі болды. Мұндай кәсіпкерлер іс жүзінде қаншау екені белгісіз», - деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Қайрат Акенов.

Ауылдық округ әкімдерінің кінәсінен туындаған бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау мәселесі Кеңес мүшелерінің наразылығын тудырды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агрохимиялық қызмет көрсетудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы үнемі шаруа қожалықтары топырақтарын талдау бойынша зерттеулер жүргізеді. Бұл әрбір ауылдық округте және шаруашылықтардың өздері үшін тегін. Бұл үшін республикалық бюджеттен мемлекет үлкен қаражат бөліп отыр. Агрохимиялық мониторинг нәтижелері бойынша топырақтың химиялық және биологиялық құрамына сәйкес жер учаскелерін бөлумен картаграммалар жасалады. Бұл картограммалар топырақтың құнарлылығын көрсетіп, тыңайтқыштың қандай түрлерін енгізу керектігін көрсетеді. Осы құжаттарға сүйене отырып, шаруалар егілетін дақыл түрлерін анықтайды. Картаграммалар шаруаларды одан әрі хабардар ету үшін ауылдық округ әкімдерімен тапсырылады.

Палата қызметкерлерінің шаруа қожалықтарына іс сапары барысы көрсеткендей, ешбір ауылдық округтегі шаруалар бұл деректердің бар екендігінен хабарсыз. Бұдан басқа, ауылдық округ әкімдіктерінің жер инспекторлары осы зерттеулермен  шаруалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе де алмайды.

Бұл мәселені шешу үшін ОҚО Кәсіпкерлер палатасы шаруалармен үш күн қатарынан ғылыми қызметкерлердің, оқытушыларының қатысуымен кездесулер өткізді. Оған жүздеген шаруа қожалықтары қатысты. 

Егер ОҚО-да 69 мыңнан астам шаруа қожалығы тіркелсе, олардың жартысы бақша дақылдарын өсірумен айналысады деп есептесек, шаруалардың көп бөлігі әлі күнге дейін өздері қолданып жатқан жерлер туралы және картограмма туралы бейхабар.

«Мемлекеттік кіріс департаменті - бюджеттің кіріс бөлігін толтыруға жауапты орган - бұл елдің қазынасын толтыру үшін, салықтарды біртіндеп жинауға зор күш жұмсауда, кейбір лауазымды шенеуніктердің кінәсінен бұл қазынаның көп қаражаты тиімсіз пайдаланылып жатыр!»  -  деп Кеңес мүшесі, Облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің басшысының орынбасары Ғалымжан Орынов наразылық білдірді.

Кеңестің мүшелері бұл мәселені мемлекеттік органдардың тарапынан жіберілген үлкен қателік деп санап, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, шаруаларға жерді талдау нәтижелері туралы хабардар етуге және ОҚО мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, жер инспекциясы басқармасына жоғарыда аталған лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығын анықтау үшін жолдау ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер