«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Жас кәсіпкерлер мектебінің» жұмысы сәтті

2017 жылғы 07 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
3983 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысында шағын бизнесті, әсіресе жастардың кәсіпкерлігін дамытуға айрықша мән беріліп отыр. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Мұрат Ильяс пен Ернұр Нұрланұлы өз кәсібін ашу үшін «Жас кәсіпкерлер мектебі» курсына қатысып, күріш қауызынан қуат алатын баламалы энергия бағытындағы биологиялық батареялар ойлап тапты.

ОҚО Кәсіпкерлер Палатасы ұсынған «Жас кәсіпкерлер мектебі» курсы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ және Мирас унирверситеті студенттерін қамтыды. Оқу курсы аяқталған соң 65 студент оқудан өткендігі туралы сертификат алды.

«Жобаға қатысушылар сабақ кезінде кәсіпкерлік қызмет түрлері негіздері мен бизнес-жоспар әзірлеу бойынша оқу-әдістемелік материалдарын, сонымен қатар, шағын кәсіп ашуға қажет анықтамалықтарды ала алады, кәсіпкерлікпен айналысу үшін өзгелермен байланыс орнатып, тіл табыса білу, кезіккен сәтсіздіктерге мойымай, алға басу, бастауыш кәсіпкерлердің қабілетін арттыруға орай тренингтер өткіземіз», — дейді бизнес-жаттықтырушы Қанат Әбілдәбеков.

Осылайша, жас кәсіпкерлерге жол көрсеткен «Жас кәсіпкерлер мектебі» курсы оңды нәтижелер көрсетіп келеді.

«Бүгінгі таңда көптеген адамдар баламалы энергия көздері деген кезде көз алдарына күн және жел энергияларын елестетіп тек соның төңірегінде ғана жұмыс істейді, ал бұл өз кезегінде зеріттеу жұмысының шеңберін тарылтады. Ал біз күн және жел энергия көздерінен қуат алу жолдарының аясында қалып қоймай баламалы энергия көздерінің үшінші бір түрі биоэнергетика бағытында зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында күріштің қауызынан биологиялық батарея жасап шығардық», - дейді жас кәсіпкерлер.

Жыл сайын өңірімізде өндірілген күріштен қалған қалдықтардан электр энергиясын алуға болады екен. Он целиндрден тұратын биологиялық батареяларға күріш қауызын салу арқылы оны белсенді түрде қарапайым құрамдарға ыдыратады. Осы кезде глюкозаның синтезі пайда болып, энергия өндіріледі және ол катод пен анод арқылы электр энергиясына түрленеді екен. Бұл дегеніңіз Қазақстандағы күріш қауызының қоры 60 млн шамды жағуға жетеді.Салыстырмалы түрде шымкент қаласындағы Абай атындағы саябақта 60-қа жуық шам бар. Демек дәл осындай 1млн саябақты жарықтандыруға болады. Бір биологиялық батареяны жасауға кететін шығын бар жоғы 2310 теңге болады екен.

Жас кәсіпкерлердің айтуынша, күн бар жоғына қарамайтын 6 ай бойы үзбей күндіз түні жарық беріп отыратын биологиялық батареяны күн батареялары секілді 180 мын теңге емес, алдыңғы уақытта бастапқы бағасын әлемде баламасы жоқ көше жарықтандыру мәдениеті туралы түсінікті жаңадан қалыптастыратын бұл батареяларды 9900 теңгеден сатуды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер