«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» басшысы мен Астана әкімінің бизнес-қоғамдастықпен кездесуі

2017 жылғы 04 Желтоқсан
8735 просмотров

Бүгін Астанада «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Елорда әкімі Әсет Исекешев қаланың бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізуде

Елордада бизнес өкілдерімен кездесу жыл сайын ұйымдастырылады. 2017 жылғы Астана қаласы кәсіпкерлері форумы бизнестің түйткілді мәселелерін анықтап, жергілікті билікпен бірлесіп шешу жолдары қарастырылу үстінді. Билік пен бизнестің ортақ істі атқаруының нәтижесінде сәулет және қала құрылысы, салық салу, тариф және туризм саласындағы, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті қолдау мәселелерімен жұмыс істелді.

Елордада бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Палатаның Астана әкімдігімен және қалалық атқарушы органдармен өзара іс-қимылы процесінде серіктестік байланыс орналытып, бизнес пен билік арасында сындарлы диалог құрылған. Еске салсақ, Астана қаласы әкімдігінің шағын бизнеске арнап «1000 сауда орны» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді.

Кездесу барысында мемлекет пен бизнес арасындағы іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін, оның ішінде Астана қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыруды талқылауға басымдық беріледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер