«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

АҚШ пен Орталық Азия арасында сауда және инвестициялық мүмкіндікті әртараптандыру әрі кеңейту

2017 жылғы 27 Қараша
7522 просмотров

Алматыда 13 желтоқсанда Сауда-инвестициялық ынымақтастық туралы рамалық келісім бойынша форум өтеді

Іс шара өңірлік сауда мәселесін шешуге, экономикалық дамыту және инвестиция кедергілерін талқылау алаңына айналады. Сонымен қатар Америка Құрама Штаттары Сауда палатасының өкілі дамушы елдер үшін АҚШ-тың бас артықшылық жүйесі туралы таныстырылым өткізеді.

2017 жылы желтоқсанның 11-13 күндері Тауда-инвестициялық туралы рамалық келісім бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді.

Орта Азияның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елдері мен Америка құрама штаттары 2006 жылы АҚШ пен орталық Азия арасындағы сауда және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту және артараптандыру мақсатында Сауда-инвестициялық туралы рамалық келісім жасалған еді.

Сауда-инвестициялық туралы рамалық келісім аясында 13 желтоқсанда бизнес форум өтеді, мекенжайы: Алматы қаласы,   Сатпаев көшесі,  29/6, «RahatPalace» қонақ үйі, «Жамбыл» залы. Бизнес-форум аясында өңірлік сауда мәселесін шешуге, экономикалық дамыту және инвестиция кедергілерін талқыланады.

Іс-шара қатысушы елдер арасында тартымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру мен тауар, қызмет саудасын кеңейтуге, сондай-ақ ұзақ мерзімді даму мен сауданы әртараптандыруға жағымды жағдайды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Форумға қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда сілтеме арқылы тіркеуден өтуіңізді сұраймыз.

Сауалдар бойынша хабарласыңыз: Aйнұр Әнесова, тел.: +7 7172 279056 (227), сот.: 7 701 742 31 42, e-mail:a.anessova@atameken.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер