«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кореялық Kookmin Bank таңдауын жасады

2017 жылғы 01 Ақпан
11684 просмотров

Kookmin Bank ЦентрКредит Банкінің жалпы еншілеп отырған акциясының 41,93% үлесін отандық компанияларға сатуға ниетті.   

«Банк акциясының 41,93% үлесін иемденетін Kookmin Bank акционері Бақытбек Байсейтов, «Цеснабанк» АҚ және «Цесна қаржы холдингі» АҚ тұратын бірлестікке таңдау жасады», деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтына сілетеме жасаған Vlast.kz порталы.

ЦентрКредит банкі акциясының 10% иеленетін тағы бір үлескері International Finance Corporation (IFC) де Бақытбек Байсейітовті қолайлы сатып алушы ретінде таңдаған.

ЦентрКредит банкі мен Цесна банк бұл мәміле Ұлттық банкте мақұлдаудан өту керектігін хабарлады. Оның аяқталуы 2017 жылдың екінші тоқсанында болады деп күтілуде.

ЦентрКредит банкінің негізін қалаушы Бақытбек Байсейітов қазіргі таңда осы банктің 25,6% үлесіне ие.

Коммерциялық банктер арасында ЦентрКредит банкі активтері бойынша алтыншы орынды иеленеді, ол 1 359 млрд теңгеден аспайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер