«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын бизнес – Ұлттық палата назарында

2016 жылғы 07 Қазан
10472 просмотров

«Атамекен» жол құрылысына байланысты бизнесі тоқтаған кәсіпкерге көмектесіп жатыр

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің отырысында Ғани Қасымовтың төрағалығымен мемлекеттік органдар тарапынан әділетсіздікке тап болған кәсіпкердің ісі қайта қаралды. «Отаргалиев Д.» жеке кәсіпкерлігі Ұлттық палатаға Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы мен жергілікті басқару органы лауазымды тұлғаларының әрекетімен және сот актілерімен келіспейтінін айтып жүгінген.

«Негізінде, кәсіпкердің шағын дүкені болған. Ауданда жол төсеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты жер телімінің бір бөлігі жолға қосылып, дүкеннің кіреберісі бұзылады. Нақты айтқанда, дүкен жұмысын тоқтатады. Сот процестері басталады. Біз республикалық комиссияға бастама көтеріп, оқиға орнына бардық. Іс Жоғарғы сотқа өтіп кеткен. Нәтижесінде, оған нүкте қойылып, кәсіпкерге 48 мың теңге төлеу шешімі шығарылады. Кәсіпкер бизнесінен айырылып отыр», – деп жағдайды қысқаша түсіндіріп өтті ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко.

Өткен сот процестерін қайта қалпына келтіру мүмкін емес екенін ескере отырып, ол бұл мәселенің мынадай шешімін ұсынды: жер телімін жергілікті атқарушы органдарға сатып алуды міндеттеу. «Алайда оның бөлінгені дәлелденіп отыр. Бүгінде ШҚО Кәсіпкерлер палатасы «Отаргалиев Д.» жеке кәсіпкерлігін қолдап, жергілікті сот инстанцияларына талап-арыз жобасы дайындалып жатыр. Біз жарты жылдан бері осы істі жүргізіп келеміз. Барлық инстанциялардан, Бас прокуратурадан өттік. Сондай-ақ, біз тағы бір сот процесін жүргізуге бастамашы болып отырмыз. Біз оның осыдан басқа жолын көріп отырған жоқпыз», – деді сарапшы.

Ғани Қасымов Кеңестің барлық материалдарды мұқият тексере отырып, бұл жағдайда жеке мүддеге қысым түсірілгенін анықталғанын атап өтті. «Заңды мүдделер мен құқықтарды ары қарай қорғау мақсатында, біріншіден, өтініш беруші барлық жер телімін ШҚО Үржар ауданы әкімдігінің мемлекеттік қажеттіліктері үшін мәжбүрлеп сату туралы талап-арызымен жергілікті сотқа жүгінуі керек. Және де ҚР Жер кодексінің 51-бабының негізінде, оны бөлінбейді деп мойындауы қажет. Сонымен қатар, ШҚО Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерге толық құқықтық көмек көрсету жүктелді», – деді ол.

Кеңес мүшелері сондай-ақ жеке кәсіпкер Шукбарованың мәселесін талқылады. Ол «Цеснабанк» АҚ-мен арадағы түсініспеушілік туралы айтты. Банк біржақты тәртіпте несие бойынша  пайыздық мөлшерлемелені 17,5%-дан 20%-ға дейін өсірген.

2015 жылғы кассациалық сот инстанциясы банктың аталған әрекетінің заңсыз екенін мойындаған. Және де несие  берушіге 1 млн 200 мың теңгені қайтару міндеттеледі. Сондай-ақ банк кәсіпкерден шамамен 26 млн теңге өндіріп алмақшы болған. Алайда Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық инстанциясы кем дегенде 5 млн теңге өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Кездесуге қатысушылар аталған мәселені Ұлттық банк тексеріп, зерттеу жұмыстарын жүргізу керек деп шешті.

Сондай-ақ отырыс барысында Кеңес жұмысының 2016 жылғы бірінші жартыжылдығының қорытындысы шықты. Төраға Ғани Қасымов айтылған мәселелердің оң шешімін табатынына үміттеніп, бизнес-қауымдастықты құқығы бұзылған жағдайда Палатаға жүгінуге шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер