«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік сатып алулардың жаңа ережелері туралы

2017 жылғы 26 Қаңтар
- Алматы қаласы
11296 просмотров

Сатып алуларды ұйымдастырушыларға заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру турады ережеге енген өзгерістер іске қосылды (ҚР ҚМ 03.10.2016 жыл №521 және 22.12.2016 жыл №683). Жаңалықтар электронды құжаттаманы енгізуге байланысты болмақ. Мысалы, енді мемлекеттік тапсырыс қатысушылары www.goszakup.gov.kz веб-порталына атқарылған жұмыстарды жеткізу актісін, қызметтерді, шот-фактураларды және мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті үлес есебін ұсынуға міндетті.

«Басты назарда жергілікті құрам үлесіне жөніндегі есепке қатысты өзгерістерді ұстаймыз. Соңғы актіні (келісімшартты орындау бойынша) жіберудің алдында жеткізуші сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті құрам туралы есеп беру құжатын толтыруы керек. Бұл үшін электронды актілер тізімі формасында «Жергілікті құрам туралы есеп» деп аталатын жерді таңдау керек. Төлемдерді орындаған соң сомаларды «Үлестіру» бөлімінде келісімшарт пәндері бойынша үлестіру қажет. Келісімшартта көрсетілген іс жүзіндегі сома, қазақстандық құрам сомасы секілді қолма-қол енгізіледі. Бұл тұста жеткізуші ұсынған қазақстандық құрам туралы ақпараттың анық-қанығына мән беру қажет», –деп түсіндірді тапсырыс берушілерге Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Жобаларды сүйеелдеу бөлімінің сарапшысы Жанна Мырзақұлова.

Сонымен бірге, сарапшы, Палатаның Алматы қаласы әкімдігімен және қаланың салалық қауымдастықтарымен бірге жасалған тапсырыс берушілерге есеп берудің жаңа формасын таныстырды.

Мысалы, әр айдың 25-де тапсырыс берушілер ретінде жергілікті атқарушы органдар Кәсіпкерлер палатасына сатып алулар жеңімпазы, тауардың шығу тегі, шығарылған елі, жеткізуші кәсіпорын туралы деректер, СТ-Z сертификатының бар-жоғы туралы ақпарат ұсынуы тиіс. Ақпарат Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Жобаларды сүйемелдеу бөліміне жіберілуі керек. Анықтама телефоны: 225-18-30 (ішкі нөмір 7524).

Осылайша, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар сатып алуларындағы жергілікті құрам үлесін бақылау жөніндегі комиссияның 2017 жылдағы алғашқы отырысы есеп-қисапты толтыруға қатысты қолданыстағы нормаларды түсіндіруге арналды. Келесіде Комиссия Алматы қаласының тауар өндірушілерімен және жергілікті атқарушы органдармен кездесіп, негізгі бағыт бойынша жұмыстарды жалғастырмақ. Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратовтың айтуынша, отандық тауар өндірушілерді қолдау, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс арқылы қолдау мәселесі  атқарушы биліктің де, Кәсіпкерлер палатасының да басым бағыттарының бірі саналады.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 2016 жылы қазақстандық құрам үлесі 2 есеге дейін артқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер