«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Базардағы жаңа қызмет

2017 жылғы 20 Қаңтар
- Шымкент қаласы
10544 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы жаңа жобаны іске қосты. Шымкенттегі «Айна базар» мен «Самал» базарларында кеңес берушілер кабинеті ашылды

Онда заңгерлер, есепшілер, салықтық заңнама мамандары Шымкент базарларындағы жұмысшыларға барлық мәселелер бойынша дәл жұмыс орнында ақыл-кеңес береді.

Кабинеттер аптасына екі рет жұмыс істейді. Мұндай кабинеттердің ашылуына базардағы кәсіпкерлер мұқтаж болған. Олардың айтуынша, олардың Палатаға баруға уақыты жоқ. Бұл тұста саударгерлердің алдында көптеген мәселелер туындайды. Мәселен, есеп құжаттарын толтыруда, салықтарды төлеуде және тағы басқа. Сондықтан Палата халық арасына барып, оларға тегін кеңес беру қызметтерін ұсыну туралы шешім қабылдаған.

«Бұл пилоттық жоба, мұндай жоба республиканың ешбір өңірінде жоқ, – дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Тимур Нақыпбеков. – Базарлардың әкімшіліктері бізді қолдап, тиісті келісімдерге қол қойды. Бұдан былай олар кеңес беру кабинеттерінің жұмысы туралы хабардар етіп отырмақ. Себебі олар да кәсіпкерлердің барлық өзгерістерден хабардар болып, тиімді жұмыс жасап, бизнестерін өркендеткенін қалайды».

Палата өз мамандарына арқа сүйеп, биылғы жылдың бірінші маусымында жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Одан кейін жұмысқа мемлекеттік орган қызметкерлерін (салық саласының, кеден саласының және т.б.) тартпақ. Базарлардағы консультациялар кәсіпкерлерді сервистік қолдау саласындағы жаңа қызметке айналмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер