«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлікті қолдауды кім, қалай түсінеді?

2016 жылғы 03 Қараша
- Шымкент қаласы
14789 просмотров

Шымкенттегі жер қатынастары инспекциясы мен мемлекеттік сәулет және құрылыс басқармасы шенеуніктері, кәсіпкерлікті қолдауды керісінше бизнесмендерді аяғынан шалу деп түсінетін болса керек.

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы құқық қорғау кеңесінің мүшелері кезекті жиында осындай қорытындыға келді.

Олар қала құрылысы және жер қатынастары қадағалау-бақылау органдарының Т.Алдамжаров жеке кәсіпкерлігін қудалағанына наразы. Мұндай жағдай ОҚО-дағы көптеген бизнесмендердің басында бар жағдай.  

2015 жылы кәсіпкер Талғат Алдамжаров Шымкент қаласының әкімдігіне сатып алған жерінің нысаналы мақсаты өзгергертіп, сауда үйін салатынын хабарлайды. Кәсіпкер керекті құжаттың бәрін жинап, өткізеді. Қалалық жер комиссиясы рұқсатын береді. Енді тек әкімдіктің қаулысын күту ғана қалған.

Алдамжаров содан бері әкімдікке күнде барады, «күтіңіз, әлі дайын емес» деген жауапты күнде естиді. Кәсіпкер несие алып, сауда үйін сала бастайды. Қадағалау-бақылау органдары: жер қатынастары инспекциясы мен мемлекеттік сәулет және құрылыс басқармасы салынып жатқан нысанды бірнеше мәрте аралап, кәсіпкерді сотқа береді. Жаңадан салынған сауда үйін сүріп тастауды талап етеді. Әкімшілік жауапкершілікке тартпастан, кәсіпкерге ескертпестен, ешбір негіздеме жасамастан, айыппұл салмастан олар осындай қадамға барған. Бүгінгі таңда соттасу кәсіпкер үшін уақыт кетіру ғана емес, қаржылай шығындалу екендігі де рас. Дегенмен, сот кәсіпкердің әрекетін заңды деп таныды.

Жерге берілген мемлекеттік актіні Талғат Алдамжаров осы жылдың басында алған. Заң бойынша құжат бір айда берілуге тиіс. Яғни, жер комиссиясының шығарған шешімі мен қаулы алу аралығы бір жылға созылып кеткен.

Тиісті басқарма мен жер қатынастары инспекциясы басшылары Кеңестің жиынына шақыртылды. Олардан неге бірнеше ай қатарынан қала орталығында салынып жатқан құрылысты көре тұра дабыл қақпағансыздар деп сұрады. Олар үндемеді. Неге дәл осы нысан үздіксіз қудалауға тап болды деген сауалға да жауап табылмады. Оның артында кім тұр? Бір ғана нысанды текесере беретін Қадағалаушы органдар қандай мақсатпен жұмыс істейді? Әлде жоғарыдан сондай бұйрық келе ме?

Кеңес бұл істің материалдарын өкілетті органдарға жіберу туралы шешім шығарды, тексеруге негіз болған дүниелерді талдап беруді өтінбек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер