«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нәзік жан жүк тасымалына кірісті

2016 жылғы 20 Қыркүйек
- Ақмола облысы
5761 просмотров

Өңірлік палатаның жергілікті филиалының қолдауымен Қорғалжын қаласында жаңа іс ашылды

Астана қаласының тұрғыны, 25 жастағы Анар Базарова ӨКП-ға нақты сұрақтары бойынша  көмек сұрап келіпті: жұмысы жоқ болғандықтан, жүк тасымалдаумен айналысуына бола ма?

«Туған жерім – Қорғалжын. Мектепті бітірген соң елордаға кеттім. Алайда ол жақтан тұрақты жұмыс таба алмадым. Келешекке сенім арта алмағандықтан, туған ауылыма қайтып келуге шешім қабылдадым», – дейді ол.

Палата филиалының сарапшылары оған жұмыссыз, әлеуметтік жағдайы төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтушы топтарға арналған «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алуды ұсынды. Несиеге қол жеткізу үшін бірқатар құжатты рәсімдеу қажет еді. Нәзік жанға жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, нақты бағыт бойынша бизнес-жоспар әзірлеуге, істі ашу үшін смета жасауға көмек берілді.

Нәтижесінде Анар Базарова 3 млн теңге сомасындағы жеңілдетілген несиеге ие болды. Одан бөлек, филиал директоры Мадияр Ахметжановтың айтуынша, олар арзан бағаға «КамАз жүк» көлігін тауып, сатып алуға көмектесіпті.

Бүгінде жас кәсіпкердің жұмысы табысты жүруде: ол қазіргі таңда өңірлер арасында жүк тасымалдаумен айналысады. Одан бөлек, оны Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесінің құрамына енгізу жағы талқылануда.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер