«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Болат Палымбетов: «Біздің міндет – Үкімет пен бизнес арасында толық үндестік орнату»

2016 жылғы 01 Шілде
- Шымкент қаласы
11568 просмотров

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі өкіл Шымкент қаласына барып, кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдармен бизнесті дамыту шарттарын жақсарту нұсқаларын талқылады

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының жергілікті бизнес-қоғамдастықпен есептік кездесуінде Болат Палымбетов өңірдің іскер адамдарынан жеке кәсіпкерлікті дамытуға не кедергі болып отырғанын сұрады. Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлерінен Астанаға келіп түсетін шағымдардың дені жерге рұқсат құжаттарын алу, мемлекеттік сатып алулар мен салық салу мәселелеріне қатысты. Ал Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің пікірінше, бұл проблемалардың барлығын жергілікті деңгейде сотқа дейінгі реттеу тәсілі арқылы шешуге болады. Жергілікті бизнес-қоғамдастықпен өңірлік бизнестің өзекті проблемаларын талқылай отырып, Болат Палымбетов кәсіпкерлерден бизнес алдында тұрған  кедергілер туралы айтып беруді сұрады.

«Мен сіздерге ақыл немесе лепірме сөздер айтуға келген жоқпын, мен сіздердің пікірлеріңізді біліп, бизнес үшін тағы не жасауға болатынын түсіну үшін келдім», – деп бастады кездесуді Болат Палымбетов.

Десек те, ОҚО кәсіпкерлері мамыражай әрі еш проблемасыз күйде өз қызметін жүзеге асыра алатынын да айта керу керек. Өз сөзін растау үшін бизнес-омбудсмен «Іскерлік климат» тәуелсіз рейтингінің деректерін келтірді, оларға сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы ресурстары бойынша бірінші орында, әкімшілік реттеу және мемлекеттік қолдау бойынша – 3-ші, жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым жөнінен – 9-ы, ал адам ресурстары көрсеткіштерінен – 8-орында тұр. Тұтастай алғанда, бизнесті жүргізу шарттары бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы 10-орыннан алтыншы орынға көтеріліп, өз көрсеткіштерін төрт орынға ілгерілеткен.

Сонымен бірге, «Іскерлік климат» рейтингісі аясында кәсіпкерлер көзімен жемқорлық деңгейіне де баға берілген.

«Бұл көрсеткіш бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы жемқорлық деңгейінің жоғарылығы жөніне 9-орында тұр, бұл жаман көрсеткіш емес», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП қоғамдық бақылау және әкімшілік кедергілермен күрес департаментінің директоры Ербол Өстеміров.

Бұл тұста Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең сыбайласқан сала ретінде респонденттер санитарлық-эпидемиологиялық қызметті (18, 4%), салық органдарын (17,8) және жергілікті атқарушы органдарын (16%) атаған. Сұралғандардың айтуынша, мемлекеттік органдар тарапына ең көп қысым көретін құрылыс және қайта өңдеу салаларындағы кәсіпкерлер екен.

ОҚО КП жүргізген шағымдар талдауы бойынша бизнестің анағұрлым жүйелі проблемалары салықтық әкімшілеу, мемлекеттік сатып алулар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, рұқсат процедуралары және т.б. салалары болып саналады. Жергілікті бизнес-қоғамдастық көкейінде жүрген тағы бір көкейкесті мәселенің бірі, кәсіпкерлік қызметке Үкіметтің қатысуы туралы болып отыр.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетов бизнес пен биліктің өзара әрекеттестігі елдің тұрақты дамуының маңызды факторларының бірінен саналатынын қадап айтты. Сондықтан кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндік беру керек. «Бизнесмендер бітпейтін рұқсат құжаттарын алу үшін ұдайы жүгірмеуі керек, олар өндіріспен және кәсіпті  аяқтан тік тұрғызумен айналысу керек», – деді бизнес-омбудсмен.

Біздің міндет, деді ол, мемлекет пен бизнес арасында толық түсіністік орнату.

«ОҚО облыстық мәслихаттағы бизнес өкілдерінің саны бойынша ең көп көрсеткішке ие – 86 пайыз! Бұл сіздер үшін тиімді, бизнес арқылы қандай да бір шешімдерді немесе өңірлік бағдарламаларды өткізу мүмкіндігі туады. Бұл да бизнес пен билік арасындағы өзара әрекеттестіктің көрсеткіші деп білемін», – деді бизнес-омбудсмен.

Бұл бағыт бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өте жақсы жұмыс жасап отырғанын мойындау керек. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кәсіпкерлердің құқытары мен заңды мүдделерін белсенді түрде қорғап келеді. Олардың жұмысының арқасында анықталған заңбұзушылықтар да аз болған жоқ. Кәсіпкерлерді де негізсіз тексеріспен мазалау азайды.

Ұлттық палата қолданыстағы заңнамаға барлығы 1100 түзетулер жасап шығарып, ұсынды, олардың 850-і мақұлданған. ҰКП қатысуымен әкімшілік кедергілерді біршама азайтуға және бизнес проблемаларының бірсыпырасын шешуге мүмкіндік берген бірқатар заңдар даярланған.

2015-2016 жылдар ішінде ОҚО Палатасы жергілікті деңгейде 376 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтарын қорғаған, бұл бизнесмендердің 1,8 млрд теңге үнемдеуіне мүмкіндік берді.  

ЖЖМ сатумен айналысатын кәсіпкерлер бүгінгі таңның ең өзекті мәселесі – жалған кәсіпкерлікке қатысты мәселе көтерді. Бұған дейін 40 адамнан тұратын бизнесмендер тобы ОҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Олар жалған кәсіпорындардың контрагенті деп танылып, салық қызметкерлері қыруар салық салған. «Атамекен» Палатасы мен Қазақстанның Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілінің бастамасымен мәселені шешуге Бас прокуратура араласқан. Тек осыдан кейін ғана барып проблема шешілді. Кәсіпкерлердің айтуынша,  «Атамекен» Ұлттық палатасы және омбудсмен институты секілді қуатты құрылымның күшіне олардың көздері жетіп отыр.  

Іскер орта өкілдерінің проблемаларын тыңдаған Болат Палымбетов бизнес-омбудсмен институты билік органдарының бизнеспен өзара әрекеттестігі саласындағы жұмысы бойынша үлкен өкілеттіліктерге ие екенін атап айтты. Бұл кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсуін қамтамасыз етуі керек.

«Ең алдымен, бизнес-омбудсмен кәсіпкерлерді заңсыз әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етеді. Солай бола тұрса да, мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы экономиканы дамыту және әлеуметтік проблемаларды шешу көзіне айналса дейміз», – деді Б.Палымбетов.

Кездесу бизнеспен ашық пікірлесу форматында өтті. Кездесудің ерекшелігі – бизнес мәселелерін, жеке адамдардан түскен тілектер мен шағымдарды егжей-тегжейлі қарау және зерттеу болды. Кәсіпкерлерді жеке қабылдау да болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер