«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әуе компаниясын әуреге салды

2016 жылғы 27 Мамыр
- Ақмола облысы
6929 просмотров

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Көкшетау қаласындағы әуежай қызметін тоқтата тұру туралы мәселе талқыға салынды

Қалалық мамандандырылған сот авиакомпанияны он күнге жауып және оны 424 000 теңге көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттеді. Халықаралық дәрежедегі нысанға нысан периметрі бойынша қажетті бейнебақылау камераларының болмауы, сонымен бірге трансформатор бекетінің ғимаратын қоршау секілді бірқатар заңбұзушылықтарға орын берген деген айып тағылды.

Келіп түскен өтініш материалдарын зерттей отырып, Палата сарапшылары, біріншіден, әкімшілік істі қарауға өкілеттілігі жоқ тұлға қарағанын анықтаған. Авиакомпания заңды тұлға ретінде Зеренді ауданында тіркелген, сәйкесінше, іс те аудандық сотта қаралуы тиіс еді.

Сонымен бірге, істің қаралуына прокуратура мүлдем қатыспаған. Мұндай істер категориясы нысан акциясын жүз пайыз ұстаушы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан мемлекет болып саналады және мамандандырылған көлік прокурорларының қатысуын қажет етеді. Ал компания көліктік болғандықтан, оның мәртебесі – стратегиялық.

Бүгінгі таңда компания Алматы-Көкшетау-Ақтау, Ақтау-Көкшетау-Алматы рейстерін тұрақты түре жүзеге асырады. Сонымен бірге, авиакомпания литерлі, яғни  арнайы қорғалатын мемлекеттік тұлғалар мен айрықша маңызды мемлекеттік жүктерді тасымалдаумен айналысады.

Кәсіпорын қол астында 152 адам қызмет етеді. Өкінішке қарай, компания қазіргі таңда бірқатар қаржылық-экономикалық қиындықтарды бастан кешіруде. Алайда оның басшылары жағдайды тұрақтандыру бойынша белгілі бір шараларды іске асыруда.

Кәсіпкерлік кодексінің 13-бабына сәйкес, кәсіпкерлік субъектісінің заңбұзушылықтарының алдын алу мен заңдармен бекітілген талаптарды орындауға ынталандыру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесі кезінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында басымдыққа ие. Ал кәсіпкерлік субъектісі жасаған заңбұзушылық үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары сипаты мен ауырлығы жөнінен сәйкес келуі қажет.

Осыған байланысты, Палата заңгерлері айыппұл санкциялары туралы ұйғарымды тым қатаң деп санайды.

Кеңес мүшелері өзара ақылдаса келе, авиакомпанияның қызметін сауықтыру, қаржылық жағдайын жақсарту және дамыту үшін шаралар қолдану қажет деген тоқтамға келді. Бұл процесске жергілікті атқарушы органдар да қатысуы керек. Нәтижесінде, әуежай қызметі Ақмола облысына келетін туристер легінің артуына септігін тигізіп, жалпы бизнес-орта мен тартымды инвестициялық климат жасауға ықпал етуі қажет.

Сонымен бірге, сот шешімін тоқтата тұру және болдырмау жөніндегі прокурорлық ықпал ету актісін шығару қажеттілігі туралы резолюциялар қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер