«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес жалған кәсіпкерлік тұтқыны болуда

2016 жылғы 11 Мамыр
- Шымкент қаласы
14950 просмотров

Жалған кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер салдарынан адал кәсіпкерлер зардап шегуде

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінің кезекті отырысында жалған компаниялардың мәселелері көтерілді. Бұл жолғы мәселе 2012-2013 жылдардағы «Alma Оil Еnergy» ЖШС-дан жанар-жағармай сатып алған оңтүстік қазақстандық 50 компанияның кейінірек жалған кәсіпкерлік ретінде айыпталғаны туралы болды. Сұйық отын Оңтүстік Қазақстан облысына тарату үшін сатып алынған, ал оператор Мұнай және газ министрлігі арқылы анықталған. Басында барлығы қалыпты болған: компаниялар жұмыс істеген, жеткізу жүзеге асырылған. Бірақ 2015жылдың желтоқсанында «Alma Оil Еnergy» ЖШС және оның директорының үстінен жалған кәсіпкерлікпен айналысуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа тапсырылған. Ал, заң бойынша сот жалған деп тапқан жалған кәсіпкерлікпен мәміле жүргізген заңды кәсіпкерлердің бизнесіне де санкция жарияланады. Мемлекеттік кіріс комитеті «Alma Оil Еnergy» ЖШС жұмыс жасаған мердігерлердің барлығына үлкен көлемде салық салып отыр. 

Олар мәмілелердің жарамдылығын растау үшін алдын-ала тергеу мен сотта қылмыстық істің қаралуы барысында өз құқықтарын қорғаулары керек. Бірақ, қылмыстық iс жүргiзу принциптерiн бұзылып, мердігерлер мен жалған кәсіпкерлердің арасындағы мән-жай жіті анықталмаған. 

Компаниялардың жанар-жағармай материалдарын сатып, шаруалардың оларды алғаны дәлел ретінде қабылданбай, есепке алынбай отыр. Сонымен қатар, бұның барлығы Салық комитетінің бақылауында болған. 

«Жанар Жағармай қауымдастығының» төрағасы Қайыпбек Қамбаров: «Салдарында, жалған кәсіпкерлікпен мәміле жүргізген аңғал заңды салық төлеушілердің дәлелдері сотта қаралмай,  өздерінің заңдық құқын қорғай алмай отыр», – дейді.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары орын алған операцияны нақтылайтын құжаттарды ешкім де қарауына алмаған деп санайды. Сот шот-фактура фактісін ғана есепке ала отырып, тауардың жеткізілімі болмаған деумен шектелуде.

«Кәсіпкерлер құқын қорғауда конституциялық құқық бұзылып отыр деп есептейміз. Қылмыстық істің қозғалуына орай сотта  басты сот талқылауында бекітілген қылмыстық іс жүргізуге баға берілген жоқ. Сот органдарының сотқа дейінгі тергеуі мен ҚР Конституциясының өзгермейтін принципі сот тарапынан бұзылып отыр: «Әрбір адам заңды мүддесі мен еркін сотта қорғауға құқы бар», – дейді ОҚО КП сарапшылары. 

Ағымдағы айдың соңына дейін мемлекеттік кіріс органдары ықтиярсыз есептелген салық механизмі мен мерзімінде төленбеген өсімпұлдар мехзанизміне орай жаза тағайындамақ.

Кеңес мүшелері аталған әрекеттер ОҚО-ның экономикасымен қоймай, тұтас республиканың және кәсіпкерліктің өміршеңдігіне нұқсан келтіреді деп өздерінің наразылықтарын білдірді.

«Бұл жағдайда дағдарыс жағдайын есепке алсақ, біраз бизнесті орнынан шайқап, тіпті көптеген кәсіпорындарды банкротқа ұшыратуы мүмкін. Есептерді тұтқынға алуға орай облысты жанар-жағар маймен қамтамасыз етіп отырған барлық субъекті қызметін біруақытта тоқтату – өңірде әлеуметтік шиеленістің артуына және көліктік кептеліске алып келуі мүмкін», – деп, мәселенің негізі заңнаманы жетілдіруде болып отыр деген ойды барлығы бірауыздан айтты.

Біз «Атамекен» ҰКП-ның орталық аппаратының Бас прокуратураға тікелей шығуын және аталған үкімді қайта қарауын сұраймыз, осылайша, біздің кәсіпкерлерге көмек көрсете алады, – дейді ОҚО КП директорының орынбасары Ғазизбек Натбаев, – Сондай-ақ, әрекет етуші заңнамаға адал кәсіпкерлерді жалған кәсіпкерлерден қорғайтын аздаған өзгерістер енгізу керектігін сұрайды». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер