«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біріксең – істің берекесі болады

2016 жылғы 05 Сәуір
- Қызылорда облысы
9820 просмотров

Қызылордада құрылған ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері жұмыстарын бастап кетті

Өңірде құрылған 16 кооперативтің бірі «Ақсу елі» кооперативінің құрамына «Ақсу елі» ЖШС,  «Агро-Центр» ЖШС және «Дихан Сауда» ЖШС кіреді және олар қазір көктемгі егіс науқанына дайындалуда.

Кооператив ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін  өндірумен, қайта өңдеу, өткізу және сақтаумен, шаруа қожалықтарын өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен, ауыл шаруашылығы техникасымен және технологиялық жабдықтармен, қосалқы бөлшектермен жабдықтаумен айналысады.

«Біздің шаруа қожалығында 86 отбасының пайы (жері) бар.  Әркім жеке жұмыс істеген кезде инвесторлар табу қиын болды. 1 жылдай егін еге алмай қалдық», – дейді кәсіпкер Мақсат Дәулетбеков. – Қазір «Ақсу елі» кооперативінің құрамында алдағы маусымға техникамызды дайындап қойдық, су арналарын тазарттық, жоңышқаны сеуіп үлгердік. Жақын күндері күріш егуге кірісеміз. Кооперативке біріккелі бері мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға мүмкіндік алдық. Жеңілдетілген несие алуға құжаттарымызды рәсімдеп жатырмыз», – деді ол.

Айта кету керек, тіркелген 16 кооперативтің құрамына 78 шаруа қожалықтары кірді, сондай-ақ, 42 ұсақ шаруа қожалығын 11 ауылшаруашылық кооперативіне біріктіру жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер