«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев: «Ірі ғана емес, орта және шағын кәсіпорындар да бәсекеге қабілетті бола алады»

2015 жылғы 01 Қазан
9782 просмотров

ҰКП басшысы экономикадағы әлеуетті көшбасшыларды қамту аясын кеңейтуді ұсынды

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы бойынша басқарушы комитеттің отырысында алғашқы екі кезең финалы туралы есеп ұсынылды.

«Тамақ саласы, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру саласындағы чемпиондар – ұлттық компаниялар бағдарламасы бойынша алғашқы қадамдар аяқталды. Енді «Атамекен» ҚР ҰКП және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі әлеуетті көшбасшыларды іріктеуді басқа да салаларда іске асырмақшы», - деп хабарлады «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев.

ҰКП басшысы «Бәйтерек» холдингінің халықаралық консультанттарды тарту жөнінде жасаған бастаманың пайдалылығы мен маңыздылығын баса көрсете отырып, «Атамекеннің» де бұл жұмысқа қосылатынын атады.

«Бұл салалар арасынан (машина жасау, тамақ саласы және құрылыс материалдары өндірісі - еск.) шамамен 30 компанияны іріктеп алдық. Осы компаниялар үшін ағымдағы жағдайды тереңнен зерттеп шығып, бірқатар консультациялар жүргіздік. Жалпы, осының ішіндегі көптеген компаниялар өсу әлеуетіне ие», - деді Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата басшысы мемлекеттік қолдау шараларының зор құралдар желісі жайлы айта келіп, қаржы инстиуттары өкілдерін және жалпы жұртшылықты «Бәйтерек» холдингінің Ұлттық палатамен бірге жүргізіп жатқан жұмысына қолдау көрсетуге үндеді.

«Атамекен» ҰКП Төралқасы жанында Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес әрекет етеді. Оның салалық көшбасшыларды айқындау мәселелерінде өз атқарымдары баршылық. Сонымен қатар бизнес-қоғамдастық және әкімдіктермен бірге өңірлік көшбасшыларды айқындау жұмысы жүргізілуде. Яғни басқа салалардағы қолдау көрсетілуі қажет компанияларды анықтауға мүмкіндік беретін тетіктер бар»,  - деді Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата басшысы «пирамиданы» үнемі нығайтып отыру үшін, ірі кәсіпорындармен бірге орта және шағын кәсіпорындарды да қоса отырып, әлеуетті көшбасшыларды қамту аясын кеңейтуді ұсынды.

«Яғни ірі кәсіпорындарды орталар есебінен толықтырып, ал шағын бизнес ортаның деңгейіне дейін өсуге тиіс. Менің ойымша, «Бәйтерек» ҰБХ бастаған жұмыс өте пайдалы және біз оны қолдаймыз», - деп қорытты «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

Бағдарламаның өңірлік және әлемдік көлемдегі компанияларды қалыптастыру жолымен шикізаттық емес сектордың бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндіріс орындарын құруға бағытталғанын еске саламыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер