«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жер мәселесі шешілді

2015 жылғы 18 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
15121 просмотров

Шымкент қаласында қалалық жер қатынастары бөлімінің кәсіпкерлерге деген дөреке қарым-қатынасы жайлы аңыз да тарап кеткен.

Аталмыш бөлім мамандары жасаған әуре-сарсаңнан қажыған бизнесмендер әділдікке қол жеткізу үшін ОҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді.

Жақында кезекті жүгінуші – жеке кәсіпкер Раушан Қунақоваға көмек көрсетілді. Оның аталмыш бөлімге бару тарихы 2013 жылғы қараша айынан бастау алады. Сол кезде ол Шымкент қаласы әкімдігіне тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан жеке пәтерін кеңсе етіп қайта жабдықтауға рұқсат берілуі туралы өтінішпен жүгінеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен кәсіпкерге кеңсеге кіре-беріс орынды жабдықтау үшін 1 жылға уақытша пайдалануға ауданы 0,0003 гектар болатын жер телімі беріледі.

ҚР Жер кодексінде көзделген 10 күндік мерзімге қарамастан, жер қатынастары бөлімі жер пайдалану шартын жасамайды және жер теліміне мемлекеттік актіні де бермейді. Бөлім мамандары Шымкент қаласы әкімінің кінәсінен болған қаулыдағы қателіктерді желеуретеді де, кәсіпкерді Мемлекеттік «ЖерҒӨО» РМК-ға жібереді. Аталмыш ведомстводағылар Раушан Қунақованы қайта кері бұрып, жер бөліміне жөнелтеді. Осылайша бірнеше жыл өтеді. Ақырында барлығы да қаулыда көзделген жерді қолдану мерзімінің өтіп кетуіне әкеледі.

Бұл – қалалық жер қатынастары бөлімінің жұмысына шағыммен келетін шымкенттік кәсіпкерлер арасында көп кездесетін жағдайлардың бірі. Жер мәселелеріне қатысты мұндай өтініштер Кәіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысына бірнеше мәрте шығарылды. Тіпті Палатаның, қалалық жер сәулеті және ТКШ бөлімі бірінші басшыларының деңгейінде жер мәселелерімен байланысты кәсіпкерлер түйткілдерін шешетін арнайы байланыс тобы да құрылған.

Аталмыш байланыс тобының Раушан Қунақова ісіне кезекті рет араласуынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің оған жер телімін жалпы үлестік меншік және уақытша жер пайдалану құқығында берілуі туралы жаңа қаулысы шығарылды. Жақында кәсіпкермен шарт жасалып, сәйкестендіру құжаты берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер