«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СҚО кәсіпкерлері бизнестің қыр-сырын тегін үйренеді

2015 жылғы 19 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
15029 просмотров

Қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнес-Өсім» және «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту» жобалары бойынша оқыту бастау алады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жоғарыда аталған жобалар аясында әрекеттегі кәсіпкерлер үшін оқытуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады.

«Бизнес-Өсім – бұл «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқудан өткен, шағын және орта бизнес субъектілері болып табылатын әрекеттегі кәсіпкерлерге арналған екі күндік оқу тренингі. Тренингтің алғашқы күні сату технологияларына, іскерлік келіссөздер жүргізуге және маркетинге арналса, екінші күні – қаржылық талдауға.  Кәсіпкерлер оқытуда сатулар, клиенттер типтері мен жағымсыз сипаттағы қоңыраулар жайлы хабардар болады, тұтынушыларға талдау жасауға, өнімді өркендетуге, бірегей сауда және коммерциялық ұсыныстар жасауға, кәсіпорынның айналымдық қаражатын басқаруға, қаржылай есептілік талдауын жүргізуге және т.б. үйренеді», - дейді СҚО КП директорының орынбасары Марат Искаков.

Оқытуды Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері Елена Коняхина мен Алена Петрова өткізеді.

Қыркүйек және қараша айларының аралығында «Бизнес-Өсім» жобасы бойынша бес тренинг өткізу жоспарланып отыр.  (Кестесі тіркелген).

«Тәлімгерлік қағидаттарын қолданумен жобалық оқыту» жобасы бойынша оқытуға өтінімдер үш бағытта қабылданады: мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, қоғамдық тамақтану. Аталмыш тренингке қатысудың да негізгі шарты - «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша сертификаттың міндетті түрде болуы», - деп жалғады сөзін Марат Искаков.                                                 

Жобалар бойынша оқытуға өтінімдер мына мекенжайда қабылданады: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 29, «Есіл» бизнес-орталығы, 111 бөлме. Облыс аудандарында өтінімдер Кәсіпкерлер палатасының филиалдарында қабылданады.

СҚО КП байланыс телефоны: 8-7152-50-36-42.

Тренингтерді өткізудің кестесі және мекенжайы:

• 10, 11 қыркүйек, - Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 191, оқыту бағдарламаларына арналған сынып;

• 24, 25 қыркүйек - Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 191, оқыту бағдарламаларына арналған сынып;

• 9 қазан - Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 191, оқыту бағдарламаларына арналған сынып;

• 22, 23 қазан - Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 191, оқыту бағдарламаларына арналған сынып;

• 5, 6 қараша - Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 191, оқыту бағдарламаларына арналған сынып.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер