«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкенттегі жүгенсіздік

2015 жылғы 11 Тамыз
- Шымкент қаласы
16994 просмотров

Шымкент прокуратурасы Палата талабымен кәсіпорынды ойрандауға қатысқан жергілікті шенеуніктер мен полиция қызметкерлерін жазалауды сұрайды

Кәсіпкер Сейдалы Күздеуов Палатаға қала билігі мен полицейлердің озбырлығынан қорғауды өтініп жүгінді.

Бизнесмен шенеуніктердің Жоғарғы базар ауданындағы өзіне тиесілі сауда қатарын бұзып тастағанына шағымданған. Оның үстіне, бұзу процедурасы сұрапыл тоқсаныншы жылдарды еске салыпты: таңертеңгілік базарға «биліктегілер» келіп (кейін анықталғандай, Шымкенттің Әл-Фараби ауданының әкімі, оның орынбасары және Шымкент қаласы Әл-Фараби ІІД ПБ бастығының орынбасары), өздерін таныстырмастан және ештеңені түсіндірместен, полицейлерге бөлмедегі тауарларды шығарып тастауға және сауда повильондарын бұзуға бұйрық береді. Ал полиция қызметкерлері тауарларды аяқтарымен тепкілеп тұрып лақтырған.

Негізі, сауда қатары заңды негізде тұрғызылып, жұмыс жасап тұрған. Жоғарғы базар ауданындағы жер учаскесі жеке кәсіпкер Сейдалы Күздеуовке Шымкент қаласының шешімімен 1997 жылы беріледі.

2004 жылы аялдаманы сауда қатарлары мен автотұрақ орнатумен өзгерту жөніндегі материалдарды келістірген соң кәсіпкер жеңіл конструкциялы бірнеше үй-жай салып, оған «ЕрНұр» сауда қатары деген атау берді. Бұл сауда повильондарында 7 жеке кәсіпкер кәсіпкерлік қызметтерін жүзеге асырады.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің ойынша, жергілікті атқару органдары мен құқық қорғау органдарының жүгенсіздігі кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау деп сыныпталады. Сонымен қатар, сотсыз-тергеусіз мүлкінен айрылған жалдаушы кәсіпкерлерге материалдық залал келтірілген.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы тез арада облыс прокурорына жүгініп, ол жедел жауап қатты.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде қала әкімінің атына ұсыныс енгізілді. Аудан прокуратурасы сонымен қатар полиция қызметкерлеріне қатысты жиналған материалдарды процессуалдық шешім қабылдануы үшін ОҚО ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасына берді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, облыс прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасының тығыз ынтымақтастығы өзінің жемісін беріп жатыр. «Осындай жұмыстың арқасында облыстағы көптеген кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды», - дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасы құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Қайрат Әкенов. – «Ең соңғы мысалдар: Әл-Фараби аудандық мемлекеттік табыс басқармасының жеке кәсіпкерге заңсыз салған әкімшілік айыппұлының күшін жоюы, Шымкент қаласының әкіміне жергілікті атқару органдары бөлімдерінің уәкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін ұсыныс енгізу, жер қатынастары бөлімдерінің бизнес жолына жасаған кедергілерін анықтауда және алдын кесудегі көмек, және көптеген басқалары. Облыс және Әл-Фараби ауданы прокуратурасына бизнесті қорғауда көрсеткен көмегі үшін өте ризамыз». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер