astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
записка объяснительная
түсініктеме хат

Кәсіпкерлік қызмет саласында қолданылатын ресми іс қағаз­ дарының бірі. Тауардың, өнімнің сипаттамасы, жеткізілім мер­ зімін немесе жеткізілімнің кешіктірілу себептерін көрсету қажет болған жағдайда қолданылады

түсініктеме хат жазу — написать объяснительную записку түсініктеме хатта көрсетілгеніндей — как указано в объяснительной записке

заработная плата
еңбекақы

Қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрде­ лілігіне, саны мен сапасына, және жағдайларына байланысты берілетін сыйақы, сондай­ақ өтем төлеу және ынталандыру сипа­ тындағы ақы. (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен).

еңбекақы алу — получить заработную плату еңбекақы беру — выдать заработную плату еңбекақы қоры — фонд заработной платы еңбекақы мөлшері — размер заработной платы еңбекақы талап ету — требовать заработную плату еңбекақы төлеу — выплатить заработную плату еңбекақы төлеу жүйесі — система оплаты труда еңбекақы+сы жоғары — заработная плата (его) высокая еңбекақы+сы төмен — заработная плата (его) низкая еңбекақыға қосымша ақы — доплата к заработной плате еңбекақыдан ұстау — удержание из заработной платы еңбекақының тарифтік жүйесі — тарифная система оплаты труда

заранее / заблаговременно / предварительно
алдын ала

Күні бұрын

алдын ала жоспарлау — планировать заблаговременно алдын ала кездесу — предварительная встреча

заседание / совещание
мәжіліс

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің күн тәртібіндегі жоспар­ лы, кезекті яки шұғыл мәселелері талқыланатын басқосу

ашық мәжiлiс — открытое заседание / совещание бiрлескен мәжiлiс — совместное заседание басшы құрамның мәжiлiсi — совещание руководящего состава ертеңгi мәжiлiс — завтрашнее заседание жабық мәжiлiс — закрытое заседание жоғары деңгейдегi мәжiлiс — совещание на высшем уровне жоспарланған мәжiлiс — запланированное совещание кезектi мәжiлiс — очередное заседание кезектен тыс мәжiлiс — внеочередное заседание кеңейтiлген мәжiлiс — расширенное заседание Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы — Председатель Мажилиса Парламента Республики Казахстан құпия мәжiлiс — секретное совещание маңызды мәжiлiс — важное заседание / совещание мәжiлiс болады — состоится заседание мәжiлiс болып өттi — состоялось заседание мәжiлiс кешкi сағат 7-де болады — совещание состоится в 7 часов вечера мәжiлiс(тiң) барысында — в ходе совещания мәжiлiс(тiң) кезiнде — во время совещания Мәжiлiске қабылданды — принят в Мажилисе мәжiлiске қатысу — участие в заседании Мәжiлiске сайлау — выборы в Мажилис мәжiлiскер — мажилисмен мәжiлiстiң ашылуы — открытие заседания мәжiлiстiң жабылуы — закрытие заседания мәжiлiстiң күн тәртiбi — повестка дня заседания / совещания мәжiлiстiң қаулысы — постановление заседания / совещания мәжiлiстiң төрағасы — председатель заседания / совещания мәжiлiстiң хаттамасы — протокол заседания / совещания мәжiлiстiң хатшысы — секретарь заседания / совещания мәжiлiсте сөз сөйлеу — выступать на заседании Мәжiлiстегi сайлау — голосование в Мажилисе салтанатты мәжiлiс — торжественное заседание / совещание сот мәжiлiсi — судебное заседание / совещание төтенше мәжiлiс — чрезвычайное заседание / совещание

затраты
шығын

Белгілі бір мерзім аралығында шаруашылықты жүргізу үдері­ сінде пайдаланылған ресурстардың ақшалай түрдегі көлемі. Шы­ ғын — ресурстардың өзіндік құнының бағасы. Шығыстар тер­ мині бухгалтерлік есеп жүргізуге байланысты

шығын мөлшері — затратные нормы шығын сметасы — смета затрат шығын теңгерімі / балансы — баланс затрат шығындану — расходование шығындарды талдау — анализ затрат шығындардың орнын өтеу — возмещение затрат шығындау — израсходование, трата шығынның өзін-өзі өтеуі — самоокупаемость затрат шығынның үдеу коэффициенті — коэффициент нарастания затрат

заявка
өтінім

Кәсіпорындар, мекемелер арасындағы қарым­қатынастарда, өзара іс­қимылдарды жүзеге асыруда қолданылатын ресми құ­ жат түрі.Тауар, өнім, қызмет көрсету түрлерін сатып алу үшін, өз біліктілігі мен қабілеті жөнінде алдын ала хабарлама, тапсырыс мазмұны баяндалатын құжат

өтінім беру — дать заявку өтінім бойынша — по заявке өтінім жіберу — отправить заявку өтінім қабылдау — приём заявки

заявление
өтініш

Лауазымды адамға өз ниетін, қалауын білдіру мақсатында ресімделетін ресми құжат түрі

өтініш беру — дать заявление өтініш беруші — заявитель өтініш бойынша — по заявлению өтініш жазу — написать заявление

издержки
шығасы

Өнімдер мен тауарлар өндіру үдерісінде олардың өзіндік құнына әсер ететін материалдық шығындар, кредиттер пайызы, еңбекақы төлеуге кететін шығындар. Өнімді өндіру мен сатуға шыққан әртүрлі шығындардың жиынтығы

үдемелі шығасы — возрастающие издержки шығасы инфляциясы — инфляция издержек шығасының орнын толтыру — покрытие издержек

именной
атаулы

Белгілі бір құқықтарға ие, нақты

атаулы жалақы — номинальная заработная плата атаулышығасы — номинальные издержки атаулы әлеуметтік көмек — адресная социальная помощь атаулы баға — номинальная цена атаулы құн — номинальная стоимость атаулы құнды қағаздар — именные ценные бумаги атаулы пайыздық мөлшерлеме — номинальная процентная ставка атаулы салымдар — именные вклады атаулы сертификат — именной сертификат атаулы сыйлықақы — именная премия атаулы шама — номинальная величина

импорт
импорт

(лат. importo — әкелу) Экономикалық, шаруашылық және зияткерлік қызметтердің нәтижелерін, тауарларды, қызмет көрсету түрлерін шекара ке­ дені арқылы басқа елдерден өткізу. Кері шығаруға міндеттеме алынбайды.

импорт салығы — налог на импорт импортты лицензиялау — лицензирование импорта импорттық бажға үстелім — надбавка к импортной пошлине импорттық лицензия — импортная лицензия импорттық мәміле — импортная сделка импорттық тауарларға салынатын салық — налог на импортные товары импорттық үстеме баға — импортная наценка импорттаушы — импортёр

Еншілес ұйымдар

Серіктестер