«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кеден кодексі: адам факторын азайту

2018 жылғы 16 Сәуір
- Шымкент қаласы
4897 просмотров

ОҚО бизнесіне жаңа Кеден кодексінің жаңашылдықтары түсіндірілді

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» жаңа кодекс күшіне енген болатын. Ол қандай заң және ОҚО кәсіпкерлеріне қандай жеңілдіктері бары жайында толығырақ ОҚО Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері мен ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты өкілдері түсіндірді. Іс-шара ОҚО Кәсіпкерлер палатасы және облыстық соттың бірлескен жұмыс жоспары аясында өтті.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы сарапшысы Майя Исаева осы құжаттың маңызды мәселелерін атап өтті:

«Біріншіден, бұл мемлекеттік органдардың және бизнес- қауымдастық өкілдерінің бірлескен жұмысының негізгі нәтижелерінің бірі», - деді ол. - Ол енді екі заңның орнына бір ғана заңды қолдануға мүмкіндік беретін, ЕАЭО Кеден кодексінің ережелерін толығымен қамтиды,  Бұл өте ыңғайлы. Бұл кодексте «Атамекен» ҰКП-нан келіп түскен ұсыныстардың 60%-ын қамтып, бизнестің ұстанымы барынша ескерілген. Оның негізгі айырмашылығы, бұл кодексте көрсетілген негізгі элементтер нарыққа қатысушыларды қажетсіз кедендік рәсімдерден және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға кететін шығындардан құтқаруға мүмкіндік береді».

Сонымен, жаңа Кеден кодексінің негізгі артықшылықтары қандай?

Адам факторын төмендету

Көптеген процестер автоматтандырылды, оның ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйелерімен тауарларды шығару және кәсіпкерлер мен кеденшілердің байланысы азайтылған. «Электрондық декларация» деп аталатын кедендік операцияларды ғаламторда орындау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, транзакциялық шығындарды төмендетуге, кеден қызметтерінің жұмысын жеделдетуге және осы құрылымдардың бәсекелестік қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлерге арналған онлайн-декларацияны енгізумен кейбір рәсімдер жеңілдетілді.

Кедендік баж, салықтарды төлеуді кейінге қалдыру

Бизнеске кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі:

- 1 айға дейін пайыздық үстеме төлеумен кейінге қалдыруды сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларына ұсыну

- 6 айға дейін пайызсыз - Кодексте белгіленген тауарлардың белгілі бір санаты (мемлекеттік тапсырыстар және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін).

Тауарларды шығару мерзімін қысқартты

Декларацияны тіркеу уақыты екі есе - екі сағаттан бір сағатқа дейін қысқартылды. Тауарды шығару уақыты - кем дегенде алты есе. Бұрын шығару уақыты бір тәуліктен үш тәулікке дейін болуы мүмкін еді. Жаңа Кеден кодексі, кедендік декларацияны тексеру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдердің болуы анықталмаса, кедендік қызметті төрт сағатта жасауға міндеттейді.

Кедендік рәсімдеу аяқталғанша тауарларды шығару

Жаңа құжат кедендік бақылауды тауарларды шығарғаннан кейінгі кезеңге барынша ауыстырады. Кедендік төлемдерді төлеп, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы, қажетті құжаттарды тексеру аяқталғанға дейін алып келе жатқан тауарларды өз мақсаттары үшін иелік ете алады. Тауарлардың тізімі (декларацияға дейін тауарларды шығару + кейінге қалдыру мүмкіндіктері) - қайта қаржыландыру ставкасы бойынша барлық мүдделі тұлғаларға бір айға мерзімін ұзарту ұсынылады; мемлекеттік тапсырыстар шеңберінде және ауылшаруашылық мақсаттары үшін әкелінетін тауарлар бойынша пайыздық төлеумен және төлемсіз 6 айға кейінге қалдыру; уәкілетті экономикалық операторлар үшін 45 күннен аспайтын пайызсыз кейінге қалдыру; 15 айға дейінгі мерзімде бірқатар тауарлардың нақты кедендік құнын айқындау кезінде пайызды және өсімпұлды төлеместен кейінге қалдыру; негізгі құндылықтарға ие тауарлар үшін(табиғи апаттар мен ауыл шаруашылық мұқтаждықтарын жоюға арналған тауарлар) жарты жылға пайызды төлеу немесе төлемсіз кейінге қалдыру.

Кедендік төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі

Жаңа құжат сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларына кедендік төлемдерді пайызбен төлеуді кешіктіріп төлеу мүмкіндігін береді. Кейбір жағдайларда, төлемдерді кейінге қалдыру кезінде, алты айға дейін - форс-мажор жағдайында, халықаралық келісімдер бойынша жеткізілімдерді немесе ауылшаруашылық қызметін қолдауды төлеуді кешіктіруге болады.

Шағын және орта бизнес үшін кеден органдарының кедендік төлемдер мен кедендік бақылаудағы тауарларды іздестіру туралы талаптары 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды.

Кейбір талаптар алынып тасталды

Еркін қоймаларды, кеден қоймаларын, өз тауарларын сақтау қоймаларын ашқан кезде талаптары алынып тасталады:

- тиеу-түсіру техникасының болуы;

-кеден органымен келісілген үй-жайлар, ғимараттар, аумақтар схемаларын және сызбаларын ұсыну.

«Жаңа Кеден кодексі электронды технологияға бағытталған. Бұл біздің бизнестің сыртқы экономикалық іс-әрекетті ынталандыруға бағытталған мүмкіндіктер кодексі. Кодексте көрсетілген негізгі элементтер шамадан тыс кедендік формальды және сыртқы экономикалық қызметін жүргізудегі кедергілерден арылтуға мүмкіндік бермек»- деп атап өтті іс-шара модераторы ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Акенов.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Виталий Мирошников кәсіпкерлерге кеден органдарының іс-әрекеттеріне қарсы шағым келтіру кезіндегі құқықтары туралы түсіндірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер