«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дәріханамен арадағы қақтығыс шешілді

2015 жылғы 15 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
11198 просмотров

Кәсіпкерге қысым көрсеткен шенеунік үш жылға сотталды

ШҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Департаменті мен шағын және орта бизнесті қолдаудың «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында жұмысын бастаған дәріхана арасындағы қақтығыс шешімін тапты.

Облыс орталығындағы жалғыз рецептуралық-өндірістік бөлім бірнеше жыл бойы 101 дәріханада әрекет етіп келді. Симановский жақпасы, Преображенский ұнтағы және басқа да көптеген тез бүлінетін, бірақ халыққа аса қажет арзан дәрі-дәрмектер осы жерде ғана әзірленетін. Сондай-ақ бұл жерде лицензиямен  96% этил спирті 70%-ға дейін езіліп, өңір ауруханаларына жеткізіліп тұрған болатын.

2015 жылғы ақпан айында ісін бастаушы кәсіпкер, кезіндегі фармацевт Елена Лихачева мемлекеттік бағдарламамен кредит алып, жеке ісін – дәріхана ашуға бел буады. Бұл жүздеген әріптесі айналысып жүрген жай ғана дәрі сататын немесе қайта сататын дәріхана емес, рецептуралық-өндірістік бөлім еді. Өскеменде екінші. Оқиға бұдан әрі детектив киносындағыдай дамиды…

Алдымен департаментке Елена Лихачева дәрілері үстінен жалған шағым келіп түседі де, одан кейін осыған ұқсас жасырын қоңырау шалынып, кейін тексерістер, қарарлар, айыппұлдар, сот, басқа дәріханалар мен денсаулық сақтау мекемелері басшыларына Елена Лихачева алаяқ, лицензиясынан да айрылады деген хаттар жазу басталады. Елена Лихачева мұндай қысымнан қорқып кетіп, ауруханалырдың бірімен 3,5 млн теңге шамасындағы сомаға дәрі жеткізуге жасалған шартты бұзады.

Елена Лихачева Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасына «ШҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Департаменті басшысының орынбасары Ләззат Кусябгалиеваның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіруге бағытталған негізсіз әрекетінен қорғау туралы» өтінішпен жүгінеді.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы сарапшылары бар ақпаратты жиынтықтай келе ШҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Ләззат Кусябгалиеваның әрекеті ЖК Елена Лихачева кәсіпкерлік қызметін толыққанды жүзеге асыруға әрі дамытуға кедергі келтіреді, болашақта тіпті бизнестің жабылауына әкелуі мүмкін деген қорытынды жасады.

Палата облыстық прокуратураға аталмыш деректер бойынша тексеріс жүргізуді және кәсіпкер құқығын қорғау мақсатында прокурорлық жауап қату шарасын қолдануды сұрап жүгінді.

Кәсіпкерлер палатасы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Ләззат Кусябгалиеваның негізсіз әрекеттерін тоқтатуға жәрдем көрсету мәселесімен өтініштер жолдады.

Нәтижесінде аталмыш оқиға заңды шешімін тапты. Сөйтіп,  ендігі жерде Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Департаменті басшысының экс-орынбасары Ләззат Кусябгалиева мүлкін тәркілеумен үш жыл бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік лауазымда отырудан өмір бойына айрылды, әрі 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуіне тура келеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер